Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет809/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   805   806   807   808   809   810   811   812   ...   832
Байланысты:
струков патан

356-сурет. Ангиомалы эпулис. 
Эпулистің алып жасушалы репарациялық орталық гранулема
деп аталатын 
нысаны бар. Оның гистологиялық құрылысы шеткі алып жасушалы 
гранулеманың құрылысымен ұқсас, бірақ ол альвеолалық сүйекте жайғасып
оны сиретіп зақымдайды; айқын шектелген. Алып жасушалы гранулемелардың 
көбі (шеткі және орталық репарациялық түрлері) төменгі жақсүйектің ішкі 
бетінде дамиды. 
Эпулистің көбінің үсті ойылып, грануляциялық тін жайлап, ол жерлерге 
лимфоциттер мен плазмациттер шоғырланады. Альвеолалардың жиегіндегі 
сүйек ыдырап сиреп, тістердің түбі босайды. Эпулисті астарлайтын эпителийде 
паракератоз, акантоз, кейде псевдоэпителиомалы гиперплазия сияқты 
салдарлық өзгерістер өрістейді. 
Қызылиек фиброматозының
клиникалық бейнесі гипертрофиялы гингивиттің 
бейнесіне ұқсайды, бірақ ол қабыну үдерісіне негізделмеген. Даму себебі 
белгісіз. Талшықты (құрамында жасушалары аз) дәнекер тін өсіп, тіс 
сауытының айналасы буылтықтанып тұрады. 
Біраз уақыттан соң тісаралық перде мен альвеолалық өскін ыдырап кемиді. 
Жақсүйектерінің аурулары 
Жақсүйегі ауруларының
 
этиологиясы, клиникалық және морфологиялық 
бейнесі әр алуан. Жақсүйектерінде қабынуға негізделген аурулар да, кисталар 
да, ісіктәрізді аурулар мен ісіктер де дамиды. 
ҚАБЫНУЛЫҚ АУРУЛАР 
Бұл аурулар тобына остит, периостит, остеомиелит (одонтогендік инфекция) 
жатады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
636
Олардың морфогенезі жедел және іріңді апикстік периодонтпен немесе 
асқынған созылмалы апикстік периодонтпен, жақтың іріңді кисталарымен
іріңді периодонтпен сабақтас. 
Остит
– тістің периодонтынан асып, жақсүйегінің тініне өрістеген 
қабынулық үдеріс. 
Периостит
– сүйек қабығының қабынуы. Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   805   806   807   808   809   810   811   812   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет