Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет797/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   793   794   795   796   797   798   799   800   ...   832
ПУЛЬПИТ 
Пульпит 
– тіс ұлпасының қабынуы. 
Этиологиясы мен патогенезі.
Пульпиттің себептері әртүрлі, бірақ инфекция 
басты орын алады. Кейбір пульпит асептикалық жағдайда дамуы мүмкін. 
Пульпит – көбінесе орташа және терең кариестің зардабы, өйткені 
микробтармен олардың уы (токсині) пульпаға кеңіген дентиндік өзекшелер 
немесе кариестік қуыстың түбіндегі жұмсарған дентиннің жіңішке жолағы мен 
тесілген жағы арқылы өтеді. Периодонтит пен оның қызылиекте патологиялық 
қалташа қалыптастырған нысаны асқынса, инфекция тіс түбінің ұшындағы тесік 
арқылы да, сепсис пен сырқаттардың бірен-саранында лимфогендік немесе 
гематогендік жолмен де өтуі мүмкін. Пульпит тіс жарақатынан немесе ол қатты 
қызғанда (тісті жасанды сауыт кигізу үшін өңдегенде), сәулелер мен 
декомпрессия сияқты физикалық факторлар әсер еткенде де дамиды. Тісті 
емдеу (бітеу) үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер мен басқа химиялық заттар да 
пульпитке себеп болады. Пульпиттің даму қарқыны мен сипатына микробтар 
(стрептококк пен лактобактерия, кейде стафилококк) мен олардың уының 
ерекшеліктері де, организмнің жергілікті және жалпы сезімталдық күйі де 
(сенсибилизация) өз әсерін тигізеді. 
Пульпит тұйық қуыста өрбиді, сондықтан оның бірқатар ерекшеліктері бар – 
тістің ұлпасында қанайналымы күрт бұзылып, веналарына қан іркіліп, стаз 
дамиды. Өйткені пульпа қабынғанда, оның тіні ісініп, тістің түбіндегі тар өзек 
пен ұшындағы тар тесік арқылы қан мен лимфаның айналымы күрт қиындайды. 
Қанайналымы бұзылғандықтан, пульпаның құрамындағы элементтердің 


Нуржігіт Алтынбеков 
628
тіршілігіне қолайсыз жағдай туады, дистрофия өршіп, тіпті кейде некрозға 
ұласады. Бұл, әсіресе жедел пульпитке тән. 
Патологиялық
анатомиясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   793   794   795   796   797   798   799   800   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет