Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет799/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   795   796   797   798   799   800   801   802   ...   832
Созылмалы пульпит
көбінесе біртіндеп, дербес сипатта дамиды, бірақ жедел 
пульпиттен де туындайды. 
Морфологиялық
бейнесіне
қарай, ол гангреналы, 
грануляциялы (гипертрофиялы) және фиброзды созылмалы пульпитке бөлінеді.
Гангреналы пульпит
кейде тіс ұлпасының біраз жері өлексеге айналған жедел 
пульпиттен туындайды. Ұлпаның жойылмаған бөлігі ұйымалы қабынып, 
өлекселі жерлері грануляциялық тінмен шектеледі. 
Грануляциялы 
(гипертрофиялы) 
пульпиттің
негізі 
– 
созылмалы 
пролиферациялы қабыну. Грануляциялы тін тістің ішін толық жайлап, кейде 
тіпті тіс қуысымен жалғасқан кариестік қуысқа да жайылып кетеді. Ондайда 
пульпалық
полип
қалыптасады. Полип жұмсақ, қызғылт түсті, қанағыш. Оның 
беті жаралы болады немесе қызылиектің эпителиймен жабылады. 
Макрофагтардың әсерінен дентиннің кей жерлері ойылып (лакуна), 
остеодентинмен бітеледі (Мигунов Б.И.,1963). Грануляциялы тін жетіле келе


Нуржігіт Алтынбеков 
629
пульпада склероз дамиды. Онда петрификаттар мен дентиклилер де болуы 
мүмкін. 
Фиброзды пульпит
– тіс қуысының басым бөлігін лимфоциттер мен 
плазмациттер және коллаген талшықты дәнекер тін жайлайтын үдеріс. 
Біртіндеп құрамындағы жасушалар азайып, коллаген талшықтары гиалинге 
айналады, петрификаттар мен дентиклилер пайда болады. 
Пульпиттің 
асқынулық зардаптары
мен 
ақыры
қабыну үдерісінің сипаты 
мен ауқымына байланысты. Ұйымалы пульпит ізсіз толық тарап кетуі мүмкін. 
Пульпит іріңді болса, ұлпа жойылып, көбінесе созылмалы пульпитке айналады. 
Созылмалы пульпиттің задабынан ұлпа семіп, шорланады. 
(«Пульпаның 
салдарлық өзгерістерін» 
қара). Пульпит көбіне периодонтитпен асқынады. 
Сөйтіп, кейде іріңді пульпит одонтогендік инфекцияның басталуына себеп 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   795   796   797   798   799   800   801   802   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет