Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Тіндік сұйықтық мөлшерінің көбеюі



Pdf көрінісі
бет149/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   832
Байланысты:
струков патан

Тіндік сұйықтық мөлшерінің көбеюі.
Тіндік сұйықтық көбейсе 
суланып 
ісіну
(отек) немесе 
шемен
(водянка) дамиды. Сөйтіп, тіндер мен дене 
қуыстарына 
сулы сұйықтық
, немесе 
транссудат
(латынша: 
trans
– арқылы, 
sudo

sudatum
– терлеу, сыздақтау) жиналады. Бұл сұйықтық мөлдір, 
құрамындағы белок мөлшері 2%-дан аспайды әрі белоктық коллоидтарға нашар 
қосылады. Сулы сұйықтық терінің астындағы клетчаткаға көп жиылса, 
анасарка
(грекше: ana — 
үстінде
, жоғары және 
sarcos
— ет), үлпершекке – 
гидроперикард
, плевралық қуысқа – 
гидроторакс
, құрсақ қуысына — 
асцит
(грекше: 
ascos
– қапшық), аталық без (ен) қабықшаларының қуысына –
гидроцеле
деп аталады. 
Сыртқы пішіні.
Суланып ісінген тіндер мен мүшелердің өзіндік сыртқы 
сипаты бар. Тері суланып ісінсе, сұйықтық алдымен көз ұясы айналасының, қол 
мен аяқтың сыртының, толарсақ тұсының жұмсақ дәнекер тінін жайлап, 
біртіндеп бүкіл денеге де жайылады. Тері бозарып, әжімі тегістеледі, саусақпен 
басқанда терең із қалып, біразға дейін жойылмайды; кескенде мөлдір сұйықтық 
шығады. Терінің шел майы бозғылт сарғыш түсті, жылтыр әрі шырыш 
(жалқаяқ) тәрізді болады. Суланып ісінген 
өкпе
ұлғайып, массасы ауыр, 
консистенциясы илеген қамырдай, тығыздау келеді. Кесіндісінен көпіршікті, 


Нуржігіт Алтынбеков 
133
мөлдір сұйықтық ағады. 
Ми
суланып ісінген кезде субарахноидтық кеңістіктері 
мен қарыншаларын мөлдір сұйықтық кернеп, ұлғаяды. Мидың паренхимасы 
жылтыр, кескенде капиллярларынан шыққан қан, оның айналасына жиналған 
сұйықтыққа араласып, жайыла ағады. Кейде мидың суланып ісінуі мен 
паренхималық ісінуі қосарланады. Ісінген мидың, әсіресе ақ затында су тым 
көбейіп, иірімдері тегістеліп, қарыншалары кішірейеді. Кескенде мидың 
паренхимасы пышаққа жабысатын болады. Мидың өзі мен бассүйегінің ішіндегі 
қысым жоғарлап, мишық шүйделік үлкен тесікке кептеледі. Суланып ісінген 
бүйрек
те ұлғайып, қабығы оңай сыдырылатын болады, үстіңгі беті мен 
кесіндісі бозғылт тартады. Суланып ісінген кілегейлі қабықшалар, көмескі 
тартып, желатина тәрізденеді. 
Микробейнесі.
Сіңген сұйықтық аралық затты сұйылтып, жасушалардың 
арасын ажыратып, коллагендік, эластикалық және ретикулалық талшықтар 
жіңішкелеу талшықтарға тарамдалады. Сулы ісінгенде жасуша сұйықтықпен 
сығымдалады немесе, керісінше, ісінеді, цитоплазмасы мен ядросында 
вакуольдер пайда болып, некробиоздық өзгерістер дамиды; ақыры жойылады. 
Дене 
қуыстарының 
сірі 
қабықшасының 
мезотелийі 
ісініп; 
кейде 
қабыршықтанып сыдырылады. Бірде, кеңіген лимфалық тамырдың қабырғасы 
жыртылып, лимфаррагия дамып, сулы сұйықтыққа лимфа араласады. Сулы 
ісіну кезінде 
өкпенің
алдымен аралық тіні, кейін альвеолалары, мидың 
тамырлары мен жасушаларының айналасы (периваскулалық, перицеллюлалық 
суланып ісіну) суланады. Ісінген мидың глиялық талшықтары деструкцияға 
ұшырап, миелині ыдырап, астроциттері ісінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет