Нуржігіт Алтынбеков
136
Қабыну
Жалпы мағлұмат
Қабыну
– тіндері әртүрлі агенттердің әсерінен зақымдалған организмнің
тамырлары мен мезенхималық
құрылымдар арқылы жергілікті, кешенді
жауабы. Бұл жауап кеселді агентті жойып, зақымдалған
тіндерді қалпына
келтіруге бағыталған. Қабыну – потологиялық және физиологиялық үдерістерге
негізделіп, филогенезде қалыптасқан қорғаныстық–бейімделулік үдеріс. Оның
құрамында патологиялық та, физиологиялық та үдерістер бар. Осы қос мәнділігі
– оның өзіндік ерекшелігі.
ХХ ғасырдың соңында И.И.Мечников қабынуды эволюцияда қалыптасқан
қорғаныстық жауап деп есептеген.
Бұның бір дәлелі
–
макрофагтар мен
микрофагтардың патогендік агенттерді сіңіріп жоюы, яғни фагоцитоз арқылы
организмді айықтыруы. Бірақ И.И.Мечниковке қабынудың репарациялық мәні белгісіз
болған. Сондықтан ол қабынудың қорғаныстық
сипатын ерекше атай отырып, қабыну
организмді айықтыруға бағытталған табиғи күш деп танығанмен, толық айқтыру үшін
қажетті кемеліне әлі жетпеген үдеріс деп бағалаған. И.И.Мечниковтің
пікірінше,
аурулардың басым көпшілігінің қабыну үдерісіне негізделіп, өлімге ұшырататыны да
соның дәлелі.
Достарыңызбен бөлісу: