Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет167/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   832
69-сурет. Катарлы бронхит. 
Себебі
. Катарлы қабынудың себебі әртүрлі. Көбіне катардың даму тегі 
инфекциялық немесе инфекциялық-аллергиялық. Ол күйгенде немесе химиялық 
агент әсер еткенде және аутоинтоксикациядан да (уремиялық катарлы гастрит 
пен колит) дамиды. 
Маңызы
. Катарлы қабынудың организмге әсері оның дамыған жері мен 
қарқынына және ағымына байланысты. Көбіне созылмалы сипат алып, 
асқынуға бейім (өкпе эмфиземасы, пневмосклероз) тынысалу жолдарының 
кілегейлі қабықшалары катарының маңызы зор. Асқазанның созылмалы 
катарының маңызы да айтарлықтай; өйткені ол ісіктің дамуына бастау болады. 
Аралас қабыну
кезінде экссудаттың бір түріне екінші бір түрі қосарланады. 
Сөйтіп, 
қабынудың 
ұйымалы-іріңді, 
ұйымалы-фибринді, 
ұйымалы-
геморрагиялы немесе фибринді-геморрагиялы деп аталтын түрлері дамиды. 
Көбіне экссудатты қабыну түрінің өзгеруіне қосымша инфекция немесе 
организм реактивтілігінің өзгеруі себеп болады. 
П
РОЛИФЕРАЦИЯЛЫ 
(
ӨНІМДІК
)
 ҚАБЫНУ
 
Пролиферациялы
(
өнімдік

қабыну
кезінде жасушалар мен тіндік 
элементтердің көбеюі басым. Қабынудың бұл түрінде альтерациялық және 
экссудациялық өзгерістер онша айқын болмай, пролиферацияның тасасында 
қалады. Көбею барысында ошақты немесе шашырай жайғасқан (диффузды) 
жасушалық инфильтрат қалыптасады. Оның құрамы негізінен полиморф-
жасушалы, лимфо-моноцитті, макрофагты, эпителиоид немесе «алып» 
жасушалы, т.с.с. болуы мүмкін. Өнімдік қабыну кез келген мүше мен тінде 


Нуржігіт Алтынбеков 
149
дами алады. Пролиферациялы қабынудың: 1) аралық (интерстицийлік); 2) 
гранулемалы және 3) полип (бүртік) немесе істікұшты кондилома түзетін 
түрлері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет