Аралық (интерстицийлік) қабыну кезінде миокардтың (70-сурет),
бауырдың,
бүйректің,
өкпенің
стромасында
жасушалы
инфильтрат
қалыптасады. Инфильтратты негізінен гистоциттер, моноциттер, лимфоциттер,
лаброциттер түзіп, кейде бірен–саран нейтрофильер мен эзинофилдер
араласады. Аралық қабыну өрши келе, дәнекер тін талшықтары көбейіп,
склерозға ұласады (XII тәсім).
70-сурет. Аралық (интерстицийлік) миокардит. Егер инфильтратта плазмалы жасушалар көп болса, олар түсі біртекті шар
тәрізді құрылымға айналып,
гиалин шарлары, яғни
фуксинфилді (Руссель) денешіктер түзіледі.
Гранулемалы қабыну (гранулематоз) кезінде фагоцитозға жауапты
жасушалар көбейіп, өзгеріп (трансформация) гранулема (түйіншек) түзіледі.
Гранулема өзінің түзілу барысында 4 кезеңнен өтеді: 1) зақымды тін ошағына
жас моноциттік фагоциттердің жиналуы; 2) олар жетіліп, макрофагтық
гранулема түзуі; 3) моноциттік фагоциттер мен басқа макрофагтар жетіліп,
өзгеріп, эпителиоид жасушаға айланып, эпителиоид-жасушалы гранулема түзуі;
4) эпителиоид жасушалар (немесе макрофагтар) бірігіп, алып жасушаға (бөгде
денелік алып жасуша немесе Пирогов-Лангханс алып жасушасы) айналып,
эпителиоид-жасушалы немесе алып-жасушалы гранулема түзуі. Алып
жасушалар полиморфты; құрамында 2-3 ядролы алып симпласты, 100 немесе
одан да көп симпластылар болады. Ядро бөгде денелік жасушаның
цитоплазмасында біркелкі шашырай жайғасса, Пирогов-Лангханс жасушасында
көбінесе шетін жағалай орналасады. Гранулеманың диаметрі, әдетте 1-2 мм-ден
аспай, микроскоппен ғана көрінеді. Гранулеманың ақыры –
склероз .
Сөйтіп, гранулемалар