Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет172/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
152
Ақыры

Өнімдік қабынудың ақыры, оның түріне, ағымына, дамыған мүшесі 
мен тінінің құрылым-әрекеттік ерекшеліктеріне қарай, әртүрлі. Созылмалы 
өнімдік қабыну ошақты немесе диффузды 
склерозға
ұласады. Оның салдарынан 
мүше қалыпты құрылымынан тайып, жалпы пішіні өзгеріп, бүріседі; бұл үдеріс 
цирроз
деп аталады. Мысалы, гломерулонефриттің ақыры нефроцирроз, 
созылмалы гепатиттің – бауыр циррозы, созылмалы пневмонияның – 
пневмоцирроз болады, т.с.с. 
Маңызы

Өнімдік қабынудың организмге әсері өте зор. Ол көптеген 
ауруларда байқалып, ағымы ұзақ болса, склероз бен циррозға ұласып, олардың 
қызметі жеткіліксіз болады.


Нуржігіт Алтынбеков 
153

Иммунпатологиялық үдерістер 
Иммунпатологиялық
үдерістер
деп иммункомпетентті (иммунитетке 
жауапты — лимфоидтық) тіндердің қызметі бұзылуынан дамитын үдерістерді 
атайды. Иммунопатологиялық үдерістер иммунологиялық конфликт (шиеленіс) 
пен иммунологиялық гомеостаздың бұзылуы салдарынан дамитын аурулар мен 
үдерістерді зерттейтін медицина ғылымының бір тарауы – 
иммунпатология 
ілімінің
негізін құрайды. Иммунпатология деген ұғымның осындай ауқымды 
мағынасынан басқа, нақты салалық мәні де бар. Соған сәйкес, 
иммунпатологиялық үдерістерге 
аутоиммундану 
мен 
аутоаллергия
, яғни 
аутоагрессия 
да жатады. 
Иммунпатологиялық үдерістердің морфологиялық бейнесін 
иммунморфология
зерттейді; 
ол 
морфологиялық 
және 
иммунологиялық 
тәсілдермен 
қоса, 
иммунгистохимиялық тәсілді де кең қолданады. Бұл тәсілмен иммундық жауаптың 
тіндердегі компоненттерін (антиген, антидене, комплемент) анықтауға және ол 
жауаптың 
морфологиялық 
бейнесіне 
сәйкестігін 
айқындауға 
болады. 
Иммунгистологиялық тәсілдің әртүрлі модификациясы антиденелермен немесе 
радиоактивті затпен белгіленген антигендермен, электрон-микроскоптық маркерлармен 
(ферритин, сынап, йод) және гистохимиялық реакциялармен бірге жиі қолданылады. 
Иммунпатологиялық үдерістердің морфологиялық бейнесі иммунгенездік 
өзгерістерді (антигенмен жандандыру немесе иммунитет тапшылығы) және 
сенсибилизациялы 
организмдегі 
жергілікті 
иммунды 
жауап, 
яғни 
гиперсезімталдық жауапты қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет