Нуржігіт Алтынбеков
180
сүт безінің бөлікшелері көбейіп, бездің жалпы көлемі ұлғайып, гинекомастия
(грекше:
gyne
– әйел,
mastos
– кеуде, төс) байқалады. Гипофиздің алдыңғы
бөлігінің, әдетте аденомадан дамитын, гиперфункциясы мүшелер мен қаңқа
сүйегінің шығыңқы бөліктерін ұлғайтады; сөйтіп,
акромегалия
қалыптасады
(грекше:
akros
– шеткі, шығыңқы;
megalos
– ірі). Корреляциялық гипертрофия
мен гиперплазия гормондардың әсерінен жанданған жауаптың және
организмнің біршама бейімделгендігінің бейнесі бола тұра, кейде ісікке негіз
қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: