Нуржігіт Алтынбеков
181
түсетін күштің бағытына сәйкес (мыс.: сүйек сынғанда, рахит, буын аурулары)
өзгереді. Кейбір тіндердің құрылысы әдеттегі жағдайға байланысты да өзгереді.
Мысалы,
өкпеде
ателектаз дамып, ауа келмесе, альвеолалардағы жайпақтау
эпителий текше пішінді эпителийге айналып өзгереді.
Бүйрек
шумағы
қабықшасының ішіндегі нефротелий, шумақ істен шыққанда текше пішінді
эпителийге айналады. Эпителийдің бұндай өзгерісі
гистологиялық
аккомодация
деп аталады (Абрикосов А.И., 1943).
Метаплазия
(грекше:
metaplasso
– өзгерту) – тіннің бір түрінің өзімен тектес
басқа түрге айналуы. Метаплазия эпителийде немесе дәнекер тінде жиі, ал басқа
тіндерде сиректеу кездеседі. Бір тіннің екінші тінге өзгеруі ұрықтық
бастаманың оларға ортақтығымен қатаң шектеліп, жас жасушалардың
пролиферациясы арқылы жүзеге асады (мысалы: регенерация, ісік). Метаплазия
толыспаған жасушалардың пролиферациясынан басталып,
жанама
жолмен
жүзеге асатын үдеріс. Құрсақта даму кезінде тін өзіне жат жерде қалып қоятын
гетеротопия мен гетероплазия үдерісін метаплазияға жатқызуға болмайды.
Эпителийлік
метаплазияның ішінде призма пішінді эпителийдің қасаңды
жайпақ эпителийге айналуы жиі байқалады (
эпидермалық
, яғни
жайпақ
эпителийлік метаплазия
). Ол созылмалы бронхитпен, бронхэктазбен
ауратындардың, темекі шегетіндерің, А-витамині жеткіліксіздердің (90-сурет)
тынысалу жолдарында, сілекей безінің, ұйқы және қуық безінің өзектерінде, ен
(аталық без) қосалқысында байқалады. Метаплазия толысу барысында призма
эпителийге емес, көпқабатты жайпақ эпителийге айналатын камбийлік
жасушалардың көбеюінен басталады. Кері өзгеру, яғни көпқабатты қасаңсыз
жайпақ эпителийдің цилиндр тәрізді эпителийге айналуы,
прозоплазия
деп
аталады. Асқазанның эпителийі ішектің (асқазанның кілегейлі қабықшасының
ішектік метаплазиясы
, яғни
энтеролизация
), керісінше, ішектің кілегейлі
қабықшасының эпителийі (ішектің кілегейлі қабықшасының
асқазандық
метаплазиясы
) асқазанның кілегейлі қабықшасының эпителийіне айнала алады.
Метаплазиялы эпителийден карцинома дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: