Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


қызмет белсенділігінің дәрежесіне



Pdf көрінісі
бет211/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   832
Байланысты:
струков патан

қызмет белсенділігінің дәрежесіне
байланысты және соған сәйкестене 
реттеледі деген тұжырым туындайды. 
Асқазан
мен 
ішектің
қабырғасының
гипертрофиясы
олардың саңылауының 
тарылған жерінен жоғарғы бөлімдерінде дамиды. Аталған мүшелердің бірыңғай 
салалы бұлшықеттен құрылған қабырғалары қалыңдап қызметі сол қалпында 
қалады. Бірсыпыра уақыттан кейін ұлғайған бұлшықет қабаты әлсіреп, қызметін 
қажетті деңгейде атқара алмай, компенсация фазасы декомпенсацияға ұласады. 
Қуық қабырғасының гипертрофиясы
үрпі жолының саңылауын тарылтатын 
қуық безі гиперплазиясының (аденомасының) салдары ретінде дамиды (92-
сурет). Қуықтың қабырғасы қалыңдап, кілегейлі қабаты жағынан бұлшықет 
трабекулалары айқындала жуандай бастайды (трабекулалық гипертрофия). 
Ұлғайған бұлшықет талшықтары қызметін жеткілікті деңгейде атқара алмаған 
кезде декомпенсация дамып қуықтың қуысы кеңіп кетеді. 
92-сурет. Қуық қабырғасының гипертрофиясы. 
Викарлық (толтырулық) гипертрофия
жұп мүшенің бірін (өкпені, бүйректі, 
т.б.) ауру жойғанда немесе операция жасап, алып тастағанда байқалады; бірінің 
жеткіліксіз қызметін екіншісі ұлғайып барып, қалпына келтіреді. Викарлық 
гипертрофияның патогенездік мәні мен организмге әсері регенерациялық 
гипертрофияның мәні мен маңызына жуық. Компенсациялық гипертрофия 
сияқты, оның даму барысы рефлекторлық және гуморальдық әсермен тығыз 
байланысты. 


Нуржігіт Алтынбеков 
185

Склероз 
Склероз
(грекше: 
sclerosis
– тығыздалу) деп жетілген тығыз дәнекер тін тым 
көбейгендіктен, ішкі мүшелер, қан тамырлары, дәнекер тіндік құрылымдар 
диффузды немесе ошақты қатаятын патологиялық үдеріс аталады. Склероздың 
даму барысында фиброздық дәнекер тін ішкі мүшелердің паренхимасы мен 
дәнекер тіннің арнаулы құрылымдарын ығыстыратындықтан, мүшенің немесе 
тіннің әрекеті төмендейді, кейде мүлде тоқтайды. 
Склероздың онша айқын болмай, тіндерді онша қатайтпайтын түрі 
фиброз
деп аталады. Дегенмен, бұл екі ұғымның арасында онша айырмашылық байқала 
қоймайды. Айқын дамып, мүшенің құрылымы мен пішінін өзгертетін склероз 
цирроз
деп аталады (бауыр циррозы, өкпе циррозы). Жарақаттық ақаудың 
немесе некроз ошағының орнын басқан (жайлаған) склероз тыртық деп аталады. 
Тін қатаюының барлық түрі склероз үдерісіне қатысты емес. Мысалы, 
кальциноздың
(петрификация), тіндік 
гиалиноздың
склерозға қатысы жоқ. Бірақ 
кейбір зерттеушілер гиалинозды склерозға да, дистрофияға да қатысты деп 
есептейді («
Строма-тамырлық дистрофияларды
» 
қара
). 
Классификациясында склероздың этиологиясы мен патогенезі, морфогенезі 
мен склероздық өзгерістердің қайтымдылық қабілеті ескерілген (Шехтер 
А.Б.,1981). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет