Нуржігіт Алтынбеков
32
түзілуі, жасуша массасының екі еселенуі, хромосома мен митоздық аппараттың
құрамдас бөліктерінің түзілуі, жасуша орталығының екі еселенуі,
цитотомиялық энергияның қордалануы. Митоздық бөліну үдерісі профаза,
метафаза, анафаза және телофаза деп аталатын 4 фазадан өтеді.
Митоздық патология бұл фазалардың қайсысына
болса да қатысы болуы
мүмкін.
Митоздық патологияның классификациясын
жасағанда
осыны
ескере отырып [Алов И.А., 1972], оны мынадай типтерге жіктеген:
I.
Хромосоманың зақымдалуы:1) жасушаның профазада қалуы; 2)
хромосоманың спираль түзуі (спирализация) мен спиралінің қайта жазылуының
(деспирализация) өзгеруі; 3) хромосоманың бөлшектенуі (фрагментация); 4)
анафазада хромосомалар арасында жалғам түзілуі; 5) өркен (сестринские)
хроматидтердің ерте ажырауы; 6) кинетохордың зақымдалуы.
II.
Митоздық аппараттың зақымдалуы: 1)
метафазада митоз дамуының
тежелуі; 2) метафазада хромосомалардың шашырай жайғасуы; 3) үштопты
метафаза; 4)
қуыс метафаза; 5) көпполюсті митоз; 6)
асимметриялы митоз; 7)
моноцентрлі митоз; 8) К-митоз.
III.
Цитотомияның бұзылуы: 1) зақымдалған цитотомия; 2) цитотомияның
зақымдалуы; 3) цитотомияның қалыптаспауы.
Митоздық патология ультракүлгін
немесе иондаушы сәуленің, жоғары
температураның, канцерогендер мен митоздық
улар сияқты химиялық
заттардың және басқа да себептердің әсерінен дамуы мүмкін. Қатерлі ісікке
айналған (малигнизация) тінде патологиялық митоз тым көп болады (8-сурет).
8-сурет. Митоздық патология. Ісіктік тіннің жұқаншақ кесіндісі.
1000.
Достарыңызбен бөлісу: