Нуржігіт Алтынбеков
219
Липома
– майлы тіннің ісігі; көлемі мен бітімі әртүрлі майлы бөлікшелер бір
немесе бірнеше түйін құрайды. Ол майлы тін бар жерлердің барлығында да
кездеседі. Кейде липома айқын шектелмей,
бұлшықеттің арасына
инфильтрациялы өсіп, оны қысып, семдіреді (
бұлшықетішілік,
яғни
инфильтрациялы липома
).
Гибернома
– қоңыр майға ұқсайтын сирек ісік. Оның түйіндері
цитоплазмасына май вакуольдерінің түйіршіктері немесе көпіршіктері
жиналған, бітімі жұмыр немесе полигональді жасушалардың (мультилокулалық
майлы жасушалар) ұяшықтары мен бөлікшелерінен түзіледі.
Лейомиома
– ретсіз жайғасқан біріңғай салалы
бұлшықет талшықтарының
будаларынан құралған ісік. Оның стромасын құрамына қан және лимфалық
тамырлар кіретін дәнекер тін жолақтары қалыптастырады. Ісіктің стромасы
басым болса,
фибромиома
деп аталады. Леймиоманың көлемі, әсіресе жатырда
өте үлкен болуы мүмкін
(117-
сурет
)
; біразында салдарлық өзгерістер – некроз,
киста, гиалиноз байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: