жалпақ сүйектер (қабырға, бас сүйектері)
мен
омыртқаларда , кейде
жіліктерде (тоқпан және ортан жілікте) көбейіп,
сүйектерді бұзады (
деструкция; 137
- сурет).
Бұл жасушалар жайлаған остеондардың орталық өзекшесі мен эндост
тұсындағы сүйек табақшалары ұсақ түйіршіктеніп, сұйылады. Ол жерлерде
остеокластылар пайда болып, сүйектің қабығы сыдырылып қалады. Сүйек
табақшалары біртіндеп сұйық сүйек деп аталатын затқа айналып, толық ыдырап
тарайды, остеондық өзекшелері кеңейе түседі. Сүйекте «кеуектене еру» үдерісі
дамып,
остеолиз бен
остеопороздық ошақтар, яғни миеломалы ауруға тән тегіс
іргелі, пішіні бір біріне өте ұқсас пайда болады. Миеломалы ауруға
шалдыққандардың сүйектері сынғыш келіп, жиі сынады. Миеломалы ауру
кезінде сүйек тіні ыдырап, гиперкальциемия дамитындықтан, ізбестенген
ошақтар да көп болады.
137-сурет. Миеломалы ауру: а — омыртқаның кесіндесінде —омыртқа аралық шеміршектегі қанды
ошақтар; б — осы омыртқаның рентгенграммасы: остеопороз; в — гистологиялық бейне:
миеломалық жасушалар шоғыры; г — бассүйегі тініндегі көптеген бір-біріне өте ұқсас ақаулар; д —
кеуекті еріген сүйек табақшалары; е — парапротеинемиялық нефроз, бүйрек өзекшелеріне жиналған
белок жентектері; ж — қабырғадағы миеломатоз.
Миеломалық жасушалар сүйек пен оның кемігінде ғана емес, талақ,
лимфалық түйіндер, бауыр, бүйрек, өкпе сияқты басқа да
ішкі мүшелерде шоғырланады.
Миеломалы ауруда байқалатын өзгерістердің біразы ісіктік жасушалардың
парапротеин түзгіштігіне негізделген. Ондай өзгерістер қатарына: 1) амилоидоз
(АL-амилоидоз); 2) амилоид тәрізді заттар мен кристалл заттардың тіндерге
шөгуі; 3) мүшелерде парапротеинемиялық су ісіну немесе парапротеиноз
(миокард, өкпе парапротеинозы, парапротеинемиялық нефроз) дамып, олардың
жұмысқа қабілетінің төмендеуі жатады. Парапротеинемиялық өзгерістердің ең
маңыздысы —
парапротеинемиялық нефроз , яғни
миеломалық нефропатия . Ол
миеломамен сырқаттардың 1/3-нің өліміне себеп болады. Парапротеинемиялық
нефроздың даму барысында бүйрек Бенс-Джонс парапротеинімен «ластанып»,
алдымен бүйректің милық, кейін қыртыстық қабаты шорланады, ақырында
бүйрек
бүрісіп
қалады
(