Нуржігіт Алтынбеков
281
Атеросклероз миокард инфарктісінің бірен-саранында ғана жүрек артерияларын
зақымдамайды.
Ишемиялық аурудың, атеросклероздың және гипертония ауруының
патогенездік факторлары
ортақ. Олардың ішінде ең маңыздылары: 1)
гиперлипидемия, 2) артериялық гипертензия; 3) дененің артық массасы
(семіздік); 4) дене қимылының аздығы; 5)
темекі шегу; 6) көмірсуларға
толеранттылықтың өзгеруі (мысалы, қантты сусамыр); 7) несеп қышқылды
диатез; 8) генетикалық бейімділік; 9) еркек жыныстылық.
Аталған патогенездік факторларды эпидемиологтар ишемиялық ауруды
туындататын қ
ауіпті факторлар
деп атап, олардың әсерлілігін елдегі
тұрғындардың белгілі бір тобында (әдетте, 1000 ер адам алынады) белгіленген
мерзім ішінде (әдетте, 10 жыл) жүректің ишемиялық ауруының басты бейнесі
— миокард инфарктісін дамыту көрсеткіші арқылы бағалайды. Бұл тұрғыдан,
гиперлипидемияның жеке өзінің инфаркт дамытатын «болжамдық» құны 21%
болса, гиперлипидемия, артериялық гипертензия, темекі шегу, семіздік сияқты
4
қауіпті фактор қосарланып, 10 жыл бойы әсер еткен кісілердің жарымына
жуығында, — 44%-ында, жүректің ишемиялық ауруын дамытатыны
анықталған.
Гиперлипидемия
. Патогенездік фактор ретінде ол ишемиялық аурудың
морфологиялық негізі — жүрек артерияларының
атеросклерозға шалдығуына
әсер етіп қана қоймайды, сондай-ақ жүректің тәждік артерияларында тромбоз
үдерісін өрістетеді. Әдетте, тромбоздан бұрынырақ липидоз толқыны байқалып,
онымен сабақтас атеросклероздық криз көрініс береді. Жүректің ишемиялық
ауруының даму барысына қантты сусамырға тән
гиперлипидемияның да әсері
болатыны түсінікті жайт.
Артериялық гипертония
миокард инфарктісінің дамуына біртекті әсер
етпейді. Ол атеросклероздың жалпы ағымын, сондай-ақ жүрек артерияларының
атеросклерозын өршіте түседі, миокардқа күш түсіреді, плазма және қан кету
үдерістеріне, тромбылы эмболияға қолайлы жағдай туғызады.
Семіздік
пен
дене қимылының аздығы
заталмасулық үдерістің жалпы және
жергілікті бұзылуына жағдай жасаса, темекі шегу миокард инфарктісі мен оның
зардаптары үшін қолайлы вазомоторлық өзгерістерге түрткі болады.
Достарыңызбен бөлісу: