Нуржігіт Алтынбеков 322
іргесі созылмалы қабынып, эластикалық және бұлшықеттік талшықтар
зақымдалса, ол жерлерді дәнекер тін жайлайды. Бронхэктаздық қуыстарға ірің
жиналады. Өкпенің бронхэктаздар төңірегіндегі тіні тым өзгеріп, қабынып,
абсцестер, экссудаты беріштенген жерлер мен фиброзды аймақтар
қалыптасады. Қан тамырларының тарамдары склерозға ұшырайды. Сондықтан
бронхэктаздар тым көбейіп, созылмалы бронхит өрши келе обструкциялы
эмфизема дамиды, оның салдары ретінде
кіші қанайналымы шеңберінде гипертензия өрбіп,
жүректің оң жақ қарыншасы қалыңдап ұлғаяды .
Өкпелік жүрек деп аталатын мұндай өзгерістен алдымен гипоксия орын алып, бара-бара
тіндерде заталмасулық үдеріс бұзылады. Науқас адамның саусақтары мен
бақайларының ұшы жуандап, дабыл таяқшасына ұқсайды. Ұзақ мерзімді
бронхэктаз кейде салдарлық амилоидозға ұласады. Бронхэктаздардың
салдарынан өкпе мен басқа да мүшелер зақымдылса,
бронхэктаздық ауру деп
аталады.
ӨКПЕ ЭМФИЗЕМАСЫ Өкпе эмфиземасы (грекше:
еmphуsао — қампайтамын) — өкпенің тінін ауа
кернеп, көлемі ұлғаятын ауру. Бұл ауру обструкциялық созылмалы диффузды
эмфиземаға, созылмалы ошақты (перифокалдық, тыртықтық) эмфиземаға,
викарлық
(компенсациялық)
эмфиземаға,
біріншілік
(идиопатиялық)
панацинустық эмфиземаға, кәрілер (қарттар) эмфиземасына және аралық
эмфиземаға жіктеледі.
Өкпенің обструкциялық диффузды созылмалы эмфиземасы —
эмфиземаның ең жиі нысаны.
Этиологиясы мен патогенез і. Эмфиземаның бұл нысаны созылмалы
бронхит пен бронхиолиттен және олардың зардаптары — бронхэктаздар мен
пневмосклероздан өрбиді. Эмфизема кезінде лейкоциттердің протеазалары,
эластаза мен коллагеназалар жанданып, өкпенің эластикалы және коллагенді
қаңқасы зақымдалады. Эмфиземамен сырқат адамдардың қан сарысуында
антипротеазалардың тұқымқуалайтын жеткіліксіздігі байқалады, сондықтан бұл
ферменттердің әсері үдей түсіп, эластикалық және коллагендік талшықтар одан
әрі ыдырай береді. Сөйтіп, эластикалық қаңқасы зақымдалған өкпеде шұралық
(вентильный) механизм қалыптасады, — созылмалы бронхит кезінде бронхылар
мен бронхиолалардың саңылауына шырыш жиналып, тығындап, альвеолаға
өткен ауаны кері шығармай тастайды. Ақырында ацинустарды ауа кернеп,
олардың саңылауы кеңіп, обструкциялық диффузды эмфизема дамиды.