Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет388/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   832
Байланысты:
струков патан

СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ 
Созылмалы бронхит
деп — ұзаққа созылып кеткен жедел бронхиттен 
(мысалы, қызылшадан немесе гриптен) немесе бронхылардың кілегейлі 
қабықшасына биологиялық, физикалық немесе химиялық факторлардың 
(микробтар, темекі, тынысалу жолдарына салқын тию, шаң-тозаңдар сияқты 
заттардың) әсерінен бронхыларда туындаған созылмалы қабыну үдерісі 
аталады. 
Инфекциялық созылмалы бронхит алғашқы кезде шектеле дамиды. Ол 
көбінесе ошақты пневмония жиі дамитын, экссудаттың тарап, жойылуына 
қолайсыз ІІ, VI,
VIII,
ІX және X сегменттердің бронхыларында ғана орын 
Фиброзды 
альвеолит 
(пневмонит) 
Пневмонитгендік 
Өкпенің 
созылмалы 
интерстицийлік 
аурулары 
Альвеолалық 
құрылымдардың 
дезорганизациясы 
Эмфизема 
Диффузды 
созылмалы бонхит, 
бронхылық астма, 
обструкциялық 
диффузды 
созылмалы 
эмфизема 
Бронхитгендік 
Механизмдері 
Пневмониягендік 
Өкпенің созылмалы 
обструкциялы 
аурулары 
Өкпенің 
созылмалы 
бейобструкциялы 
аурулары 
Жедел пневмония 
Созылмалы 
бронхит 
Өкпенің 
созылмалы 
абсцесі 
Эмфизема 
Созылмалы 
пневмония 
Бронх-өкпелік 
өзгерістер 
Бронхэктаздар 
Эмфизем
а 
Бронхэктаздар 
Пневмо- 
фиброз 
Пневмофиброз 
Диффузды 
пневмо-
фиброз 
Өкпенің салдарлық 
гипертензиясы 
Жүректің оң жақ қарыншасы ұлғаяды (гипертрофия) 
Өкпе-жүрек жеткіліксіздігі 


Нуржігіт Алтынбеков 
321
алады. Шектелген созылмалы бронхит біртіндеп бронхылардың барлық 
тарамдарын қамтып, 
диффузды созылмалы бронхитке
ұласады. Бронхылардың 
іргесін дәнекер тін жайлап, қалыңдатады; бронхылардың жалпы пішіні өзгереді. 
Бронхит ұзаққа созылса, кейде қалталанған немесе цилиндр тәрізді 
бронхэктаздар
қалыптасады. 
Созылмалы бронхит кезіндегі микроөзгерістер әртүрлі. Бірде кілегейлі 
қабықша семіп, призма сияқты эпителий көпқабатты эпителийге айналып 
(метаплазия), бокалша жасушалар көбейіп, 
созылмалы шырышты
немесе 
іріңді 
катардың
(созылмалы катарлы-шырышты және катарлы-іріңді бронхиттің) 
бейнесі басым болса, енді бірде — бронхының іргесі мен әсіресе оның кілегейлі 
қабықшасында жасушалар шоғыры, ал саңылауында полип тәрізді бүртіктене 
өскен грануляциялық тін тым көбейіп кетеді (
полипті
созылмалы
бронхит; 
186-сурет). Грануляциялық тін жетіліп, іргесін дәнекер тін жайлап, 
бронхылардың бұлшықетті қабаты семеді, кескіні бұзылады (
деформациялы
созылмалы
бронхит
).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет