Нуржігіт Алтынбеков
328
тамырларының іргесін склероз жайлап, капиллярлар тұрпайыланады), зақымды
жерлердегі альвеолалар кеңіп, кистаға айналады, фиброзды аймақтар көбейеді.
Өкпе қалыпты сиқынан тайып,
деформация
дамиды. Өкпеде фиброз, эмфизема,
деструкция, репарация дамып, оның қалыпты кейпі бұзылса, пневмоцирроз деп
аталады.
Пневмокониоздар
Пневмокониоздарды
«Кәсіптік аурулар»
мен
«Өкпенің бейспецификалық
созылмалы ауруларын»
қара.
Өкпе карциномасы
Өкпе карциномасының
басым көпшілігі бронхылардың эпителийінен, ал
бірен-сараны альвеолалық эпителийден туындайды. Сондықтан да өкпе
карциномасы, — көбінесе өкпенің бронхыгендік карциномасы, ал өкпенің
пневмониягендік карциномасының үлесі 1%-дан аспайды. Қатерлі ісіктермен
сырқаттану және өлім-жітімнің көбею қарқыны бойынша өкпе карциномасы
І981 жылдан бастап дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Онымен сырқаттану
және одан болатын өлім-жітімнің көрсеткіші әсіресе экономикасы өркендеген
елдерде өте жоғары. Мысалы, І985—1986 жылдарда өкпе карциномасымен Ұлы
Британиядағы әр миллион тұрғынның 1068-і сырқаттанса, Шотландияда —
1158-і, ал Венгрияда — 990-і сырқаттанған. І970 жылдан бері өкпе
карциномасы КСРО аймағында ерлерде дамыған қатерлі ісіктердің арасында
бірінші орын, ал әйелдерде екінші орын алатын болды. Онымен сырқаттанудың
көрсеткіші орташа деңгейде болып, оның өсу қарқыны орташа дүниежүзілік
көрсеткіштен 3,1%-ға асып түскен. КСРО-да І980 жылы өкпе карциномасынан
болатын өлім-жітім 25,9%-ға жетті. Бұл ауру ер адамдарда әйелдерге қарағанда
4 есе жиі.
Достарыңызбен бөлісу: