Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Өкпенің бейспецификалық созылмалы аурулары



Pdf көрінісі
бет387/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   832
Байланысты:
струков патан

Өкпенің бейспецификалық созылмалы аурулары
Өкпенің бейспецификалық созылмалы аурулары
(ӨБСА) деп аталатын 
аурулар тобына созылмалы бронхит, бронхэктаздар, өкпенің эмфиземасы
бронхылық астма 

демікпе

, созылмалы абсцесс, созылмалы пневмония, өкпенің 
интерстицийлік аурулары мен пневмофиброз (пневмоцирроз) жатады.
 
Бұл аурулардың 
даму механизмі
үш түрлі: бронхитгендік, пневмониягендік 
және пневмонитгендік (XXI тәсім). ӨБСА-ның 
бронхитгендік механизмінің
негізі 

бронхылардың кәріздік әрекетінің және бронхылар жүйесі 
өткізгіштігінің бұзылуы. Осы механизмге негізделген 
өкпенің созылмалы 
обструкциялық аурулары
деп аталатын аурулар тобына созылмалы бронхит, 
бронхэктаздар (бронхэктазды ауру), бронхылық астма мен өкпенің эмфиземасы 
(әсіресе созылмалы диффузды обструкциялы эмфизема) кіреді. ӨБСА-ның 
пневмониягендік механизмі
жедел пневмониямен және оның зардаптарымен 
байланысты. Бұл механизм 
өкпенің бейобструкциялық созылмалы аурулары
деп аталатын аурулар тобының даму барысында басты орын алады. Созылмалы 
абсцесс пен созылмалы пневмония осы топқа жатады. 
Пневмонитгендік 
механизм
— 
өкпенің интерстицийлік созылмалы ауруларының
негізі. Бұл топ 
фиброзды альвеолит пен пневмониттің көптеген түрлерін қамтиды. ӨБСА-ның 
соңғы кезеңінде аталған үш механизм астасып, пневмосклероз (пневмоцирроз) 
бен өкпенің салдарлық гипертензиясын дамытады. Бұл үдерістердің зардабынан 
жүректің оң жақ бөлігі ұлғайып, жүрек-өкпе қызметінің жеткіліксіздігі 
өрістейді (XXI тәсімді қара). 


Нуржігіт Алтынбеков 
320
XXI тәсім. ӨБСА-ның пато- және морфогенезі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет