Нуржігіт Алтынбеков 324
эмфиземасы
. Терінің ауа кернеген жерлерін саусақпен басқанда ерекше сықыр
(
крепитация ) естіледі.
БРОНХЫЛЫҚ АСТМА Бронхылық астма (грекше:
asthma — тұншығу) — аллергиялық жауаптың
салдарынан бронхылық тарамдар арқылы ауаның кері шығуы (экспирация)
қиындап, ұстамалы демікпе дамитын ауру.
Этиологиясы, патогенезі мен классификациясы . Бронхылық астма
(демікпе) тұқымқуалайтыны күмәнсіз, бірақ оның басты себебі
экзогендік аллергендер . Бронхылық астма ұстамасының қайталана беруіне түрткі болатын
себептердің қатарына тынысалу жолының жоғарғы бөлімінде дамитын
инфекциялық аурулар, қоршаған орта мен ауаға араласқан заттардың
(бөлмедегі, өнеркәсіптегі шаң-тозандар; түтін, әртүрлі иіс, т.б.) әсерінен
дамитын аллергиялық риносинуспатиялар, метеорологиялық (ылғал ауа, тұман)
мен психогендік (психогендік тітіркендіргіштер) факторлар, әртүрлі тағамдар
мен дәрілер жатады. Аталаған себептердің қайсысының әсері басым болса,
соған қарай, бронхылық астма инфекциялық, аллергиялық, кәсіптік,
психогендік (психологиялық), сыртқы ортаның әсерінен дамитын және т.б.
нысандарға бөлінеді. Дегенмен, бұл аурудың басты нысандары: атопиялық
(латынша:
аthоріа — тұқымқуалайтын бейімділік) астма және инфекция-
аллергиялық астма.
Атопиялық бронхылық астма әр текті аллергендер
организмге тыныс жолдары арқылы әсер еткенде дамиды.
Инфекциялық-аллергиялық астма инфекциялық жедел немесе созылмалы
бронхитпен, немесе пневмониямен сырқат адамның өкпесіне қосымша аллерген
әсер еткенде дамиды.
Бронхылық астманың бұл екі нысанының
патогенезі өте ұқсас. Аурудың
барысында өрістейтін аллергиялық жауап