Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Өкпе карциномасының тәсімдік бейнесі



Pdf көрінісі
бет401/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   832
Байланысты:
струков патан

191-сурет. Өкпе карциномасының тәсімдік бейнесі. 
Жоғарғы қатарда— шеткі карцинома, төменгі қатарда 
— орталық карцинома.
 
192-сурет. Өкпенің түбірлік (орталық) карциномасы. 
Шеткі (перифериялық) карциноманың
үлесіне өкпе карциномасының 50—
55%-ы тиеді. Ол сегменттік бронхының шеткі бөлігінің, оның ұсақ тарамдары 
мен 
бронхиолалардың 
кілегейлі 
қабықшасынан, 
кейде 
альвеолалық 
эпителийден басталады (191,193-суреттер). Перифериялық карцинома 
экспансиялы түрде, баяу өсіп, ұлғая келе 5—7 см жетеді. Карциноманың бұл 
нысаны бірден плевраға (плеврит) немесе түбірлік және сегменттік 
бронхыларға жайылап, оларды қыса қоймайды, сондықтан бронхылардың 
кәріздік әрекеті бұзылып, компрессиялық немесе обтурациялық ателектаз 
қалыптасқанша білінбейді. Ол, әдетте науқас адамды басқа ауруына 
байланысты зерттегенде, кездейсоқ қана анықталады. Карцинома көбінесе 
өкпенің тыртық жайлаған, плевраға жуық жерлерінде (туберкулез ошақтарын 
шектеген қабықтарда, беріштенген инфарктіде, т.с.с.) дамып, кейде плевраға 
жайылады. Плевра қалыңдап, кеуде қуысына ұйымалы-геморрагиялы экссудат 
жиналып, өкпені қысып тастайды. Перифериялық карциноманың алғашқы 
клиникалық бейнесі кейде оның гематогендік метастаздарынан басталады. 
Шеткі карциноманың гистологиялық бейнесін аденокарцинома, кейде 
жайпақжасушалы немесе толыспаған карциномалар қалыптастырады. 
193-сурет. Өкпенің шеткі (перифериялық) карциномасы. 
Өкпе карциномасының
2—5%-ы 
аралас
(
ауқымды
) карцинома. Ол, әдетте 
өкпені немесе оның бір бөлігін түгел жайлайды (194-сурет). Оның тіні жұмсақ, 
ақшыл түсті, ыдырауға бейім. Бұл карциноманың бастау көзін анықтау мүмкін 
емес. Ауқымды карцинома көбіне толыспаған немесе аденокарциномадан 
құрылады.
194-сурет. Өкпенің аралас (ауқымды) карциномасы. 
Өкпе карциномасының 
микробейнесі 
әртүрлі. Бұл жағдай оның даму тегінің 
(бронхының жамылғы немесе безді эпителийі, пневмоциттердің II нысаны 
немесе эндокриндік жасушалар) әртүрлілігімен және ісіктің жетілу деңгейімен 
байланысты. Өкпенің толыспаған карциномасы, әдетте өзі өнген тіннің 
нышандарын 
сақтайды: 
аденокарцинома 
болса, 
шырыш 
бөліп, 
жайпақжасушалы болса, кератин түзеді.
Жайпақжасушалы 

эпидермоидтық

карциноманың
жоғары, шала және өте 
нашар толысқан түрлері бар. 
Жоғары толысқан
карциноманың құрамындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет