Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет396/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   832
Байланысты:
струков патан

189-сурет. Созылмалы пневмония. 
Пневмониягендік абсцестер. 
Созылмалы пневмонияның бір ерекшелігі — қайталамалылығында. Өйткені 
ол бронхылар мен лимфалық тамырлардың кәріздік әрекеті нашарлап, 


Нуржігіт Алтынбеков 
326
өкпесінде бронхэктаздар мен іріңдіктер қалыптасқан науқастарда дамиды. 
Қайталанған сайын 
жаңа ошақтар қабынып
, зақымның көлемі ұлғаяды, 
склероз үдеп, өкпенің пішіні өзгереді. Обструкциялы эмфизема өрістейді. 
Зақымды және зақымсыз жерлердің капиллярлары бітеліп, құрылымы 
тұрпайыланады (редукция). 
ӨКПЕНІҢ ИНТЕРСТИЙЛІК АУРУЛАРЫ 
Өкпенің интерстицийлік аурулары
(ӨИА) деп — қабыну үдерісі өкпенің 
альвеолааралық интерстицийінен, яғни 
пневмониттен
басталып, екі өкпені де 
диффузды жайлап, пневмофиброзға ұласатын әр текті (гетерогендік) аурулар 
тобы аталады. Бұл аурулардың ең басты негізі — 
фиброзды альвеолит

Классификациясы.
Фиброзды альвеолиттің үш нысаны бар: 1) 
идиопатиялық фиброзды альвеолит. Оның жедел нысаны Хаммен—Рич ауруы 
деп аталады; 2) экзогендік аллергиялық альвеолит және 3) токсикалық (уытты 
әсерлік) фиброзды альвеолит. 
Хаммен—Рич синдромы
, — әдетте дәнекер тін 
жүйесінің аурулары (ревматизмдік аурулар) мен вирустық созылмалы активті 
гепатит сияқты басқа аурулардың бір көрінісі ретінде дамитын фиброзды 
альвеолит. 
Өкпенің диффузды фиброзының
40—60%-ы идиопатиялық фиброзды 
альвеолиттің үлесінде. Оның басым көпшілігі созылмалы ағымды болады. 
Хаммен—Рич ауруы сиректеу байқалады. 
Экзогендік аллергиялық альвеолит
ауыл шаруашылығының («фермерлік өкпе»), әсіресе құс пен («құс өсірушінің 
өкпесі») мал шаруашылығында және фармацевтикалық өнеркәсіпте еңбек 
ететіндердің арасында кең тараған. Ал,
токсикалық фиброзды альвеолит
қазір 
гербицидтер және минералдық тыңайтқыштармен жұмыс істейтіндерде, 
онкологиялық және гематологиялық ауруханаларда емделгендерде жиі 
ұшырасады. 
Этиологиясы
. Идиопатиялық фиброзды альвеолиттің даму себебі әлі белгісіз. 
Оны вирустар дамытатын сияқты. Экзогендік аллергиялық альвеолитке 
бактериялар мен саңырауқұлақтар және жануарлар мен өсімдік текті антигендер 
араласқан шаң-тозаңның, дәрі-дәрмектердің әсері себеп болады. Токсикалық 
фиброзды альвеолитті көбіне өкпеге уытты әсері бар (пневмотропты) дәрілер 
дамытады. Ондай дәрілердің қатарына алкилдегіш цитостатиктер мен 
иммунсупрессиялы препараттар, ісікке әсерлі антибиотиктер мен диабетке 
қарсы қолданылатын препараттар және басқалар жатады. 
Патогенезі
. Фиброзды альвеолиттің патогенездік негізі — иммун- 
патологиялық үдерістер. Иммундық кешендер альвеолааралық перделердегі 
капиллярлар мен өкпенің стромасын зақымдап, жасушалар иммундық 
цитолизге ұшырайды («
Иммунпатологиялық үдерістерді»
қара). Идиопатиялық 
фиброзды 
альвеолит 
кезінде 
өкпенің 
интерстицийіндегі 
үдерістер 
аутоиммундық әсерден және өкпенің стромасы тұқымқуалап зақымдалғыш 
болғандықтан өрістесе, токсикалық фиброзды альвеолит иммунпатологиялық 
механизмдер мен уытты әсерге (патогенді фактордың тікелей өкпеге, яғни 
пневмотропты әсеріне) негізделеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет