Қайталамалы бронхылық астмамен ұзақ
уақыт
сырқаттардың
бронхыларының іргесі созылмалы диффузды қабынады, базал мембранасы
қалыңдап, гиалинозға ұшырайды. Альвеолааралық пердені дәнекер тін жайлап,
обструкциялық созылмалы эмфизема дамиды. Капиллярлар арнасы босап, кіші
қанайналымы шеңберінде салдарлық гипертония өрістейді, жүректің оң жақ
бөлігі қалыңдайды; ақыры өкпе-жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне ұласады.
СОЗЫЛМАЛЫ АБСЦЕСС Өкпенің созылмалы абсцесі көбіне жедел абсцестен өрбіп, әдетте оң жақ
өкпеде, бірқатары сол жақ өкпенің, II, VI, IX және X сегменттерінде, яғни жедел
бронхпневмония мен жедел абсцесс жиі кездесетін бөліктерінде дамиды.
Өкпедегі созылмалы абсцестің құрылысының басқа мүшелердегі абсцестерден
еш айырмашылығы жоқ («
Қабынуды »
қара
). Үдеріс тез арада өкпенің лимфалық
кәріздерін қамтиды. Лимфалық тамырлардың өне бойын қуалай дәнекер тін
өсіп, созылмалы абсцестің іргесі мен өкпенің түбірін жалғастыратын ақшыл
жолақтар түзеді, фиброз дамып, өкпенің тіні қалыпты пішінінен тайып,
сиықсызданады. Кейде созылмалы абсцестегі ірің бронхыгендік жолмен
өрістеп, өкпенің басқа жерлеріне жайылады.
СОЗЫЛМАЛЫ ПНЕВМОНИЯ Созылмалы пневмония кезінде өкпеде түрлі текті патологиялық үдерістер
дамиды. Дегенмен, басты үдеріс — өкпенің респирациялық бөлімдерінің
созылмалы қабынуы. Оның клиникалық және морфологиялық бейнесі әр әлуан.
Созылмалы пневмонияда карнификациялы және фиброзды аймақтармен
қатар, созылмалы пневмониягендік абсцестің қуыстары да болады (189-сурет).
Бөлікшелердегі лимфалық тамырлар мен басқа да тамырлардың және
бронхылардың өне бойы мен айналасы созылмалы қабынып, фиброз дамиды,
өкпеде эмфизема қалыптасады. Эмфиземаға созылмалы бронхит (панбронхит,
деформациялы бронхит) та түрткі болады. Ірілі-ұсақты қан тамырларының
іргесі қабынып, склероз дамып, саңылауы бітеледі. Созылмалы пневмония
көбінесе сегментті немесе бөлікшені қамтып, біртіндеп бронхылар арқылы
жайылады. Ол бір немесе қос өкпені түгел зақымдауы мүмкін.