Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет399/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   832
Байланысты:
струков патан

Этиологиясы мен патогенезі
. Өкпе карциномасының орталық (центрлік) 
және шеткі (перифериялық) нысандарын дамытатын себептер біртекті емес 
(өкпе карциномасының классификациясын қара). Орталық карциноманың 
басым көпшілігі канцерогендік заттар мен темекінің әсерінен өрбиді. Онымен 
сырқаттанғандардың 90%-ға жуығы темекі шегетіндер. Ал өкпенің шеткі 
карциномасын дамытатын себептердің ішінде қан мен лимфа арнасына өтіп 
әсер ететін канцерогендердің маңызы зор. Өкпе карциномасы себептерінің 
ішінде пневмосклероз, созылмалы бронхит, бронхэктаздар сияқты созылмалы 
қабыну үдерістерінің де рөлі айтарлықтай. Өйткені, бұл үдерістердің 
салдарынан эпителий гиперплазияға, дисплазия мен метаплазияға ұшырап, 
карциномаға ұласатын (ракалдылық) үдерістер қалыптасады. Орталық 
карциноманың морфогенезі бірқатар ракалдылық үдерістерге негізделген. 
Олардың ішінде ең маңыздылары — ірі бронхылардағы эпителийдің базалдық 
жасушалы гиперплазиясы мен дисплазиясы және жайпақжасушалы метаплазия. 
Ал шеткі карциноманың морфогенезі басқа. Карциноманың бұл нысаны 
туберкулез бен пневмония және өкпе инфарктісі дамыған аймақтарда немесе 


Нуржігіт Алтынбеков 
329
бөгде 
дененің 
төңірегінде 
өрістеген 
пневмосклероз 
ошақтарында 
қалыптасатыны қазір дәйектелген жайт. Сондықтан ол «тыртықтағы 
карцинома» деп те аталады. Тыртықтық тінде жасушалардың қатерлі ісікке 
айналуына қолайлы бірқатар жағдайлар орын алады. Онда экзо- және 
эндогендік канцерогендер басқа жерлерге қарағанда көбірек жиналады, 
жергілікті иммунсупрессия қалыптасады, жасушалардың арақатынасы өзгереді, 
т.с.с. Сол себепті, ірі бронхыларда байқалатын ракалдылық өзгерістерден шеткі 
карциномаға ұласатын пневмосклероз ошақтарында өрістейтін ракалдылық 
үдерістердің түрлері көбірек болады. Пневмосклероз ошақтарында ұсақ 
бронхылар мен бронхиолалардың және альвеолалардың эпителийі базал 
жасушалы және жайпақжасушалы метаплазия мен дисплазияға ұшырайды, 
аденомалы гиперплазия байқалып, ұсақ ісікшелер деп аталатын құрылымдар 
түзіледі. Өкпе карциномасы патогенезінің басты механизмі — эпителийлік 
жасушалардың 
геномының зақымдалуы
. Гендік (тектік) құрылымда үш түрлі 
үдеріс орын алады: 
хромосомалық аберрация, нүктелік (белгілі бір жерде) 
мутация
және 
протоонкогендер
жанданып
зақымдалады
(протоонкогендер 
деп — жасушалардың вирустық және бейвирустық онкогендерге айнала алатын 
қалыпты гендері аталады). 
Классификациясы
. Бұл аурудың классификациясында оның дамыған орны, 
өсу сипаты, макробейнесі мен микробейнелік нысаны ескерілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет