Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет402/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
331
жасушалардың біразы кератин түзіп, карциномалық інжу қалыптастырса 

жайпақжасушалы қасаңданған карцинома, 104-суретті қара


орташа 
толысқан
карциноманың жасушаларына митоз бен полиморфтылық тән, 
кератин олардың кейбіреуінде ғана болады, ал 
өте төмен толысқан 
карциномада полиморфты, ядролары митозды жасушалар тіпті көп, сондықтан 
кератин бірен-саран жасушалардан ғана ұшырасады.
Өкпедегі 
аденокарциноманың
жетілу деңгейі де әртүрлі. 
Жоғары толысқан 
аденокарциноманың жасушалары шырыш түзіп, ацинустар, түтіктер немесе 
бүртікті 
құрылымдар 
құраса 
(195-сурет), 
орташа 
толысқан
аденокарциноманың құрамында безді-солидті құрылым болып, митоз көп 
ұшырасып, жасушаларының біразы ғана шырыш түзеді, ал 
өте төмен 
толысқан
аденокарцинома солидтық құрылымдардан қалыптасып, оның 
полигоналды жасушалары ғана шырыш бөледі. Аденокарциноманың ерекше 
түрі – 
бронхиола-альвеолалық карцинома
.
195-сурет. Өкпенің аденокарциномасы. 
Безді құрылымдардың саңылауына шырыш жиналған.
 
Өкпенің толыспаған карциномасы
ұсақжасушалы немесе іріжасушалы. 
Ұсақжасушалы карцинома
ядролары гиперхромды лимфоцит тәрізді ұсақ 
жасушалардан немесе сұлы пішінді жасушалардан құрылады. Бұл жасушалар 
табақшалар мен тізбектер түзеді (107-суретті қара). Кейде АКТГ, серотонин
кальцитонин және басқа да гормондар бөледі. Электрондық микроскоппен 
ісіктік жасушалардың цитоплазмасынан нейросекретті түйіршіктерді көруге 
болады. Ұсақжасушалы карциноманың біразы артериялық гипертония 
дамытады. Бұл деректер ұсақжасушалы (сұлыжасушалы) карциноманы 
қатерлі 
апудомалар
тобына жатқызуға мүмкіндік берді. 
Іріжасушалы карциноманың
құрамына полиморфты ірі жасушалар мен көпядролы алып жасушалар кіреді 
(196-сурет). Бұл жасушалар шырыш түзе алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет