Нуржігіт Алтынбеков
352
тигізеді. Шалғайдағы лимфалық түйіндерде метастаздар лимфа ағысына
бағыттас (
ортоградтық
) және лимфа ағысына кері (
ретроградтық
) жолмен
пайда болады. Диагностикалық маңызы бар, ретроградтық лимфогендік
метастаздарға, әдетте сол жақ бұғана үстіндегі лимфалық түйіндердегі («Вирхов
метастаздары») және көтен ішек маңындағы клетчатканың лимфалық
түйіндеріндегі («Шницлер метастаздары») метастаздары жатады. Асқазан
карциномасының лимфогендік ретроградтық метастазының классикалық
мысалы ретінде аналық бездегі
Крукенберг карциномасы
деп аталатын
метастазды атауға болады. Әдетте, метастаз аналық бездің екеуін де зақымдап,
олар күрт ұлғайып, қатайып, ағарыңқырайды. Лимфогендік метастаздар өкпеде,
плеврада, іш пердесінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: