Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет444/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   832
Байланысты:
струков патан

210-сурет. Флегмоналы аппендицит. 
Қабырғасы су сіңіп, іріңді экссудат жайлап ажыраған. 
211-сурет. Флегмоналы аппендицит пен периаппендицит. 
Қасында қалыпты аппендикс.
 
Салдарлық гангреналы аппендицитті, 
өскіннің гангренасынан
ажырата білген жөн. 
Кейде гангрена өскіннің қабырғасы қабынбай тұрып-ақ, тромбоз немесе тромбылы 
эмболияның салдары ретінде дамиды. Ондай гангрена 
біріншілік гангреналы 
аппендицит
деп аталып жүр. Бұл жағдайда өскінде қабыну үдерісі өрістемейтіндіктен, 
өскін гангренасының бұлай аталуын қоштай қою қиын. 
Гангреналы аппендициттің өзіне тән 
макробейнесі
бар. Өскін жуандап, оның 
сірі қабықшасын лайсаңдау жасыл түсті фибринді қабыршық жауып кетеді. 
Қабырғасы қалыңдап, лайсаңдау бозғылт болады да, саңылауына ірің 
жиналады. Микроскоппен бактериялар шоғыры, некрозды, қанды ошақтар мен 
тромбылы қан тамырлары көрінеді. Кілегейлі қабықшаның өне бойына ойық 
жаралар қаптайды. 
Асқыну зардаптары
.
Жедел аппендицит асқынса, көбіне өскіннің іргесі 
бүлініп, іріңдейді. Аппендицит флегмоналы-ойық жаралы болып, өскіннің 
қабырғасы 
тесілсе
(перфорация) немесе гангреналы болып, аппендикс өздігінен 
түсіп қалса, көбіне жайылмалы перитонит өрістейді. Флегмоналы 
аппендициттен өскіннің сағағы бітелсе, ұшы кеңіп, 
өскіндік эмпиема
дамиды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
364
Ірің өскіннің төңірегі мен бүйенге өрістесе (
периаппендицит

перитифлит
), 
қабықпен шектелген іріңдіктер қалыптасады, кейде үдеріс іш пердесінің 
сыртындағы майлы клетчаткаға да жайылады. Шажырқайдағы қан тамырлары 
мен қақпалық вена қабынып, 
шажырқайлық іріңді тромбылы флебит
дамыса, 
кейде аппендициттің өте қауіпті зардаптарының бірі — 
пилефлебит
(грекше: 
ріlе
— қақпа, 
flеbos
— вена) өрістейді. Оның салдарынан қақпалық венаның 
бауырдағы тарамдарында бактериялы тромбылық эмболдар пайда болып, 
пиелефлебиттік абсцестер
қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет