Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет441/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   832
асқыну зардаптары
жергілікті 
және жалпы топқа бөлінеді. 
Жергілікті
топқа қан кету, ішек тесіліп, 
перитониттің дамуы, ішектің саңылауының тарылуы, полипоз бен карцинома 
жатса, 
жалпы
топ анемия, амилоидоз, науқастың қатты жүдеуі және сепсис 
сияқты үдерістер арқылы көрініс береді. 
КРОН АУРУЫ 
Крон ауруы
— созылмалы қайталамалы ауру; асқазан мен ішекте 
бейспецификалық гранулемалар түзіліп, некрозды ошақтар пайда болады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
361
Бұрынғы көзқарас бойыша, бейспецификалық гранулемалар Крон ауруымен 
сырқаттардың ішегінің соңғы бөлімінде ғана қалыптасады деп есептелетін, 
сондықтан да ол терминал (региондық) илеит деп аталатын-ды. Кейін бұл ауру 
асқазан мен ішектің кез келген бөлімін зақымдайтыны анықталды. Қазір Крон 
ауруының асқазанды, тоқ ішекті, аппендиксті, ішектің басқа да бөлімдерін 
басымырақ қамтитын нысандары белгілі. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Крон ауруының даму себебі белгісіз. Ол 
вирустар мен генетикалық факторлардың әсерінен дамитын сияқты. 
Тұқымқуалайтын бейімділік пен аутоиммундық өзгерістер жағдайында ішекте 
құрылысы біртекті гранулемалар пайда болады. Патогенезі жайлы 
теориялардан кең қолдау тауып жүргені — 
лимфалық теория
. Бұл теория 
бойынша, алдымен шажырқайдағы лимфалық түйіндер мен ішектің 
қабырғасындағы фолликулдар өзгеріп, кейін кілегейлі қабықшаның астына 
лимфа іркіледі, ақырында ішектің қабырғасы зақымдалып, гранулемалар 
түзіледі. 
Патологиялық анатомиясы
. Көбіне мықын ішегінің соңғы (терминал) 
бөлімі, көтен ішек (әсіресе айналшық) пен аппендикс, кейде асқазан-ішек 
жолының басқа бөлімдері зақымдалады. 
Ішектің барлық қабаты түгел
қамтылады, сондықтан ішек тым қалыңдап, су сіңіп ісінеді. Кілегейлі қабықша 
бұдырланып, «тас төселген көше» тәрізді келеді (209-сурет). Өйткені кілегейлі 
қабықшада қалыпты аймақтармен қатар, ішектің ұзына бойын куалай, 
қатарласып жайғасқан, ұзыншалау, 
тар саңылаулы
терең ойық жаралар болады. 
Кейде бұл жаралар көлденең де жайғасады. Ал сірі қабықшада бірікпелер мен 
туберкулездік түйіншектер тәрізді ақшыл түсті құрылымдар пайда болады. 
Ішектің саңылауы тарылып, қабырғасында жыланкөздер қалыптасады. 
Шажырқай шорланып, қалыңдайды. Бұл аймақтың лимфалық түйіндері 
ұлғайып, олардың тіні кескенде ақшыл қызғылт реңді келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет