Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет447/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
366
перитонит, көкетастылық «абсцесс» дамиды. Фибринді перитониттен іш 
қуысында бірікпелер пайда болады, кейде 
созылмалы жабысқақ
(слипчивый) 
перитонит
өрістеп, ішек түйіледі. 
Перитонит бірден 
созылмалы ағымды
болуы да мүмкін. Әдетте, ол асқазан 
ойық жарасын асқынтқан — 
перигастрит
, босанғаннан немесе созылмалы 
инфекциядан (мысалы, гонорея; қазақша: соз ауруы) кейін өрістеген — 
периметрит
яки 
перисальпингит
, өт қалтасындағы тастардың зардабы ретінде 
байқалатын — 
перихолецистит
және клиникасы білінбеген аппендициттің 
көрінісі болып табылатын — 
периаппендицит
сияқты перитониттің шектелген 
нысандарын бейнеленді. Ондай жағдайда құрсақ қуысының қабынған жерлері 
ғана шорланып, шектелген бірікпелер пайда болып, сол аймақтағы мүшелердің 
қызметі бұзылады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
367

Бауыр, өт қабы мен ұйқы безінің 
аурулары 
Бауыр, ұйқы безі мен өт жолдарының қызметі, топографиялық анатомиясы 
сабақтас болғандықтан, көбіне бұл мүшелерде дамитын аурулардың патогенезі 
де өзара тығыз байланысты болатыны түсінікті. Олардың мән-мазмұны мен 
патогенезін дұрыс ұғынып, айқындау жолдарын жетілдіру үшін биопсия 
тәсілінің маңызы зор. Көбіне биоптат бауырдан алынады. 
Бауыр аурулары 
Бауыр аурулары
алуан түрлі. Олардың 
тұқымқуалайтын
және 
жүре 
болатын

біріншілік
(бауырдың өзіндік аурулары) және 
салдарлық
(бауыр 
басқа аурулардан зақымдалатын) нысандары бар. 
Бауырдың ауруларын көбінесе 
инфекциялар
(эпидемиялы гепатит, жедел сары 
қалтырау, лептоспироз, описторхоз, сүзек және т.б.), эндогендік (уремия, 
тиреотоксикоз) және экзогендік (гепатотропты улар, алкоголь, улы тағамдар) 
улардың
әсері
дамытады. 
Қанайналымының
(шок, қанның созылмалы іркілуі), 
тағамның
(белок және витамин тапшылығы) мен 
заталмасулық
үдерістің 
дұрыс
болмауының
(бауырдың заталмасулық аурулары) да маңызы зор. 
Соңғы ондаған жылдар бойы бауыр ауруларын анықтау үшін бауырды 
биопсия тәсілімен зерттеу кең қолданылып жүр. Осы тәсілмен анықталған 
деректер бауыр ауруларының патологиялық анатомиясын одан әрі айқындап, 
толықтыра түсті. Бауыр ауруларының морфологиясына 
гепатоциттерде
өрбіген
дистрофия
мен 
некроз

строма 
(қақпалық жол, синусоидтар) мен өт 
өзектерінде өрістеген 
қабыну
және 
дисрегенерация
мен 
ісіктік
үдерістер
негіз 
болады. Гепатоциттерде дистрофия мен некроз басым жағдай — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет