Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет466/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   832
Байланысты:
струков патан

бауырдың құрылысы өзгеріп

сиықсыздануының
басты себебі 
— онда өрістейтін регенерация мен склероз үдерістері; бұл құрылымдық 
өзгерістер бауырдың барлық құрамдас бөліктерін — бөлікшені, қан 
тамырларын, строманы түгел қамтиды. Сонымен, бауырдың құрылымының 
өзгеруі кеселді шеңберді тұйықтап: қан ағысы тежелгендіктен, гепатоциттер 
жойылады, 
гепатоциттер 
жойылғандықтан, 
мезенхималық 
жасушалар 
жанданып, регенерация қалпынан таяды, ал бұның бәрі қан ағысын одан әрі 
тежей түседі. 
Цирроздың төрт 
морфогенездік типі
бар: постнекроздық цирроз, порталық 
цирроз, билиарлық және аралас цирроз. 


Нуржігіт Алтынбеков 
380
Постнекроздық (некроздан кейінгі) цирроз
бауыр паренхимасын шалған 
некроз көлемді болған жағдайда дамиды. Некроз ошақтарындағы ретикулалық 
строма қабысып, ол жерлерге дәнекер тін өсіп (коллапстық цирроз), жалпақ 
фиброзды аймақтар қалыптасады (219-сурет). Строма қабысатындықтан, 
порталық триадамен орталық венаның арасы жақындап, бір жерге бірнеше 
триада шоғырланады. Бұл постнекроздық циррозға тән морфологиялық нышан 
(219-суретті қара). Жалған бөлікшелер негізінен жаңа түзілген бауыр тінінен 
құрылып, онда көпядролы гепатоциттер пайда болады. Гепатоциттерді 
дистрофия мен некроз шарпиды, майлы дистрофия байқалмайды. Көбінесе 
холангиолалар көбейіп, холестаз дамиды. Постнекроздық циррозға ұшыраған 
бауыр қатайып, кішірейеді; онда жалпақ та терең жүлгелермен шектелген ірі 
түйіндер болады (
ірі түйінді цирроз
немесе 
аралас цирроз
; 220-сурет).
219-сурет. Бауырдың постнекроздық циррозы:
а — гепатоциттердің арасында фибробластылар (Фб) мен 
коллагендік талшықтар (КлТ) көбейген; ӨК — өт капилляры; БМ — капиллярдың базал мембранасы. 
Электронграмма. 14 250 (Штайнерден); б — дәнекер тінді аймақта бірнеше үштік шоғырланған 
(микробейне).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет