Нуржігіт Алтынбеков
380
Постнекроздық (некроздан кейінгі) цирроз
бауыр
паренхимасын шалған
некроз көлемді болған жағдайда дамиды. Некроз ошақтарындағы ретикулалық
строма қабысып, ол жерлерге дәнекер тін өсіп (коллапстық цирроз), жалпақ
фиброзды аймақтар қалыптасады (219-сурет). Строма қабысатындықтан,
порталық триадамен
орталық венаның арасы жақындап, бір жерге бірнеше
триада шоғырланады. Бұл постнекроздық циррозға тән морфологиялық нышан
(219-суретті қара). Жалған бөлікшелер негізінен жаңа түзілген бауыр тінінен
құрылып, онда көпядролы гепатоциттер пайда болады. Гепатоциттерді
дистрофия
мен некроз шарпиды, майлы дистрофия байқалмайды. Көбінесе
холангиолалар көбейіп, холестаз дамиды. Постнекроздық циррозға ұшыраған
бауыр қатайып, кішірейеді; онда жалпақ та терең жүлгелермен
шектелген ірі
түйіндер болады (
ірі түйінді цирроз
немесе
аралас цирроз
; 220-сурет).
219-сурет. Бауырдың постнекроздық циррозы:
а — гепатоциттердің арасында фибробластылар (Фб) мен
коллагендік талшықтар (КлТ) көбейген; ӨК — өт капилляры; БМ — капиллярдың базал мембранасы.
Электронграмма. 14 250 (Штайнерден); б — дәнекер тінді аймақта бірнеше үштік шоғырланған
(микробейне).
Достарыңызбен бөлісу: