Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет465/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
379
мультилобулалы
, ал алғашқы екі нысан сабақтасса, — 
мономультилобулалы
деп 
аталады. 
Морфогенезі

Цирроз әртүрлі факторлардың әсерінен гепатоциттер 
дистрофияға
(гидропиялы, баллонды, майлы) және 
некрозға
ұшыраса ғана 
дамиды. Гепатоциттер жойылғанда регенерация (митоз, амитоз) үдеп, дәнекер 
тінмен қоршалған регенерат-түйіндер (жалған бөлікшелер) қалыптасады. 
Жалған бөлікшелердегі синусоидтарда дәнекер тінді мембраналар пайда болып, 
гепатоциттер мен жұлдызша ретикула-эндотелиоциттердің арасы ажырайды 
(
синусоидтар капиллярларға айналады
). Жалған бөлікшеде қанның ағысы 
қиындайды, сондықтан қан оны айналып өтіп, бірден бауырлық веналарға 
құйылады. Бұған жалған бөлікшелерді қоршаған дәнекер тін жолақтарындағы
қақпалық вена мен бауыр венасының тарамдарын жалғастыратын, тікелей 
арналық (шунттың) қалыптасуы да өз септігін тигізеді (
бауырдағы порта-
кавалық шунт
). Микроциркуляциясы зақымдалған жалған бөлікшелерде 
гипоксия дамып, гепатоциттерде дистрофия мен некроз өршиді де, 
бауыр- 
жасушалық қызмет жеткіліксіздігі
дамып, оған тән клиникалық нышандар 
көрініс бере бастайды. 
Бауырда регенерат-түйіндер қалыптасқан кезде 
диффузды фиброз
да 
өрістейді. Дәнекер тіннің тым көбеюіне гепатоциттер некрозы, жылдам 
қалыптасқан түйіндер қан тамырларын қысып, гипоксияның дамуы, бауырдағы 
веналардың шорлануы және синусоидтардың капиллярға айналуы сияқты 
бірқатар факторлар себеп болады. Фиброз перипорталық тін мен бөлікшелердің 
ішіне де жайылады. Дәнекер тін негізінен бөлікшелердің ауқымды некроз 
шарпып, стромасы қабысқан (коллапс) аймақтарында дамиды (
коллапстық
склероз

. Өйткені бұл жерлерде синусоидтық липоциттер (Ито жасушалары) 
жанданып, фибробластыға айналады және бөлікшедердің ішіне қарай порталық 
және перипорталық аймақтардағы дәнекер тінді перделер немесе жолақтар 
сыналай 
өрістейді 
(
септалы 
склероз
). 
Ал, 
перипорталық 
фиброз 
фибробластылардың жандануымен байланысты. Перипорталық аймақтар мен 
бауырдың веналары тым склерозды болса, порталық жүйеде қанның қысымы 
артады (порталық гипертензия), порталық венадағы қанның біразы бауырдың 
веналары мен 
бауырдан
тысқы порто-кавалық анастомоздар
арқылы ағады. 
Порталық гипертензияның декомпенсациялы кезеңінде асцит байқалады
өңештің, асқазанның веналары мен көтеулік (геморройлық) өрмелер варикозды 
кеңиді; бұл веналардан қан кетеді. 
Қорыта айтсақ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет