Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет470/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   832
Байланысты:
струков патан

Асқыну зардаптары
. Цирроз бауырлық комаға ұшыратады; өңештегі, 
асқазандағы веналардың саңылауы кеңіп, іргесі жұқарып, қан кетеді; асцит 
перитонитке ұласып, асцит-пертонит байқалады; қақпалық веналарда 
тромбылар түзіледі; карцинома дамиды. Аталған асқыну зардаптарының көбі 
науқастың 
өліміне
себеп болады. 
БАУЫР КАРЦИНОМАСЫ 
Бауыр карциномасы
— сиректеу ісік. Ол көбіне ракалдылық үдерістер 
тобына жататын бауыр циррозынан өрбиді. Ал,оның ракалдылық үдерістерінің 
ішінде ең маңыздысы — гепатоциттердің дисплазияға ұшырауы. Бауыр 
карциномасы Азия мен Африкада жиі байқалып, көбінесе зақымдалмаған 
бауырда қалыптасса, Еуропа мен Солтүстік Америкада сиректеу ұшырасып, 
цирроз шалған бауырда туындайды. 
Бауыр карциномасын 
морфологиялық тұрғыдан
жіктегенде оның 
макробейнесі, өсу сипаты мен ерекшеліктері, гистогенезі мен гистологиялық 
нысаны ескерілген. 
Патологиялық анатомиясы
. Бауыр карциномасы 
макробейнесіне
қарай: бір 
яки бірнеше түйіннен түзілген — 
түйінді карциномаға
, бауырдың үлкен бөлігін 
қамтитын — 
ауқымды карциномаға
және бауырдың барлық жерлерінде өсіп
біріккен түйіндерден қалыптасқан — 
диффузды карциномаға
бөлінеді. Оның 
кішкене
және 
педункулалы
(
сабақты

карцинома
деп аталатын 
ерекше
нысандары да бар. 
Карцинома өскен бауыр тез және тым, кейде тіпті 10 еседен астам ұлғайып, 
массасы бірнеше килограмға жетеді. Түйінді карцинома дамыған бауыр 
бұдырлы, қаттылау болса, диффузды карциномаға ұшырағанда — көбіне тастай 
қатты келеді. 
Ісіктің өсу сипатына
қарай, бауыр карциномасы 
экспансиялы

инфильтрациялы
және 
аралас
(
экспансиялы-инфильтрациялы
) болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет