Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


өліміне шок немесе перитонит  себеп болады.  Ұйқы безінің карциномасы



Pdf көрінісі
бет473/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   832
Байланысты:
струков патан

өліміне
шок немесе перитонит 
себеп болады. 
Ұйқы безінің карциномасы
мүшенің әр жерінде (басы, денесі, құйрық 
бөлімі) қалыптаса береді; басында жиірек байқалады. Ісік тығыз, бозғылттау ақ 
түсті түйіннен құрылады. Ол алдымен ұйқы безі өзекшелері мен негізгі өт 
жолын қысып, кейін олардың іргелерін түгел жайлайды, ақырында ұйқы безі 
(панкреатит) мен бауырдың (холангит, сарғаю) қызметі бұзылады. Бездің дене 
немесе құйрық бөлімінде өскен ісіктің көлемі кейде үлкен болады, бірақ ол 
көпке дейін осы мүше мен бауырдың қызметін айтарлықтай зақымдай 
қоймайды. 
Карцинома ұйқы безінің өзекшелік эпителийінен (
аденокарцинома
) немесе 
паренхимасындағы
ацинустардан
(
ацинустық
, яғни 
альвеолалық
карцинома

өнеді. 
Алғашқы
метастаздар
ұйқы безінің басымен тұстас лимфалық 
түйіндерден табылса, гематогендік метастаздар бауырға және басқа да 
мүшелерге жайылады. Сырқат адамдар қатты жүдеп немесе карцинома 
метастаздарының зардабынан, кейде пневмониядан 
өледі



Нуржігіт Алтынбеков 
385

Бүйрек аурулары 
Протеинурия мен су сіңіп ісіну байқалатын және жүрек ұлғаятын бүйрек 
ауруларын XIX ғасырдың бас кезінде ағылшын дәрігері Р. Брайт бір топқа 
біріктірген-ді. Кейін аурулардың бұл тобы 
Брайт ауруы
деп аталатын болды. 
Бұдан шамалы уақыт бұрын бүйректе дамыған патологиялық үдерістің 
басымырақ нысаны (қабыну, дистрофия, склероз) мен дамыған жеріне (шумақ, 
өзекше, интерстиций) қарай, Брайт аурулары нефрит, нефроз және 
нефросклероз топтарына жіктелетін. Емгер Фольгард пен патологанатом Фар 
ұсынған бұл классификация нефрологияның бүгінгі талабына сай келмейді. 
Клиникалық пен иммунологиялық, биохимиялық пен морфологиялық 
тәсілдерді кең қолданып, бүйрек биоптатын зерттеу арқылы бүйрек 
ауруларының мәні мен патогенезі және морфологиясы жайлы көптеген соны 
деректер жинақталды. Бұл деректер арқылы бүйрек шумақтары қабынатын ауру 
— гломеруланефрит — дербес ауру емес, бір топ аурулардың жиынтығы екені 
дәйектелді. Ал бүйрек өзекшелерінің эпителийінде өрбіген дистрофия мен 
некробиоз үдерістеріне негізделетін ауру — нефроз — көбіне гломерулалық 
сүзгі, яғни шумақтардың зақымдалу салдарынан дамитыны да соңғы кезде 
анықталды. Сондай-ақ, бүйрек интерстицийінің қабынуына да (интерстицийлік 
немесе аралық деп аталатын нефритке) үлкен мән берілетін болды. 
Құрылым-қызметтік тұрғыдан, бүйрек ауруларын, яғни нефропатияларды, — 
гломерулапатиялар мен тубулапатиялар тобына жіктеуге болады, ал олардың 
әрқайсысы жүре пайда болуы немесе тұқым қуалауы мүмкін. 
Гломерулапатиялардың
даму барысында бірден және негізінен шумақтар 
зақымдалып, бүйректің сүзгілік қызметі бұзылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет