Асқыну зардаптары . Цирроз бауырлық комаға ұшыратады; өңештегі,
асқазандағы веналардың саңылауы кеңіп, іргесі жұқарып, қан кетеді; асцит
перитонитке ұласып, асцит-пертонит байқалады; қақпалық веналарда
тромбылар түзіледі; карцинома дамиды. Аталған асқыну зардаптарының көбі
науқастың
өліміне себеп болады.
БАУЫР КАРЦИНОМАСЫ Бауыр карциномасы — сиректеу ісік. Ол көбіне ракалдылық үдерістер
тобына жататын бауыр циррозынан өрбиді. Ал,оның ракалдылық үдерістерінің
ішінде ең маңыздысы — гепатоциттердің дисплазияға ұшырауы. Бауыр
карциномасы Азия мен Африкада жиі байқалып, көбінесе зақымдалмаған
бауырда қалыптасса, Еуропа мен Солтүстік Америкада сиректеу ұшырасып,
цирроз шалған бауырда туындайды.
Бауыр карциномасын
морфологиялық тұрғыдан жіктегенде оның
макробейнесі, өсу сипаты мен ерекшеліктері, гистогенезі мен гистологиялық
нысаны ескерілген.
Патологиялық анатомиясы . Бауыр карциномасы
макробейнесіне қарай: бір
яки бірнеше түйіннен түзілген —
түйінді карциномаға , бауырдың үлкен бөлігін
қамтитын —
ауқымды карциномаға және бауырдың барлық жерлерінде өсіп,
біріккен түйіндерден қалыптасқан —
диффузды карциномаға бөлінеді. Оның
кішкене және
педункулалы (
сабақты )
карцинома деп аталатын
ерекше нысандары да бар.
Карцинома өскен бауыр тез және тым, кейде тіпті 10 еседен астам ұлғайып,
массасы бірнеше килограмға жетеді. Түйінді карцинома дамыған бауыр
бұдырлы, қаттылау болса, диффузды карциномаға ұшырағанда — көбіне тастай
қатты келеді.
Ісіктің өсу сипатына қарай, бауыр карциномасы
экспансиялы ,
инфильтрациялы және
аралас (
экспансиялы-инфильтрациялы ) болады.