Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет564/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   560   561   562   563   564   565   566   567   ...   832
Балалар грипінің ерекшеліктері
. Бұл аурудың ағымы ересек балаларға 
қарағанда жас сәбилерде ауырлау келеді, әрі олардың өкпесі мен басқа 
мүшелері жиірек зақымдалады. Гриптің жалпы интоксикациялы нысаны жиірек 
дамып, жүйке жүйесі де зақымдалады, ішкі мүшелерде, сірі және шырышты 
қабықшаларда петехийлар көбірек болады. Кейде көмейдің шырышты 
қабықшасы катарлы қабынып, су сіңіп ісінеді, саңылауы тарылып (жалған 
круп), асфиксия дамиды. 
Гриптің 
асқынулық зардаптары
көбіне өкпеде өрістейді. Экссудатты 
аймақтарды өлі ет басып (карнификация), облитерациялы бронхит пен 
бронхиолит дамиды, бронхылардың қабырғасы шорланып, бронхэктаздарға, 
пневмофиброзға, 
обструкциялық 
созылмалы 
эмфиземаға, 
созылмалы 
пневмонияға және өкпе мен жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне
ұшыратады. 
Балаларда байқалатын бронхэктазды аурудың 75%-ы сәбилік кезеңде орын 
алған ауыр гриптің салдары. Жүйке жүйесі зақымдалса (энцефалит, арахноидит, 
шеткі неврит), балалар мүгедек болып та қалады. 
Өлімнің себептері
. Интоксикация дамиды, мидың тіршілік үшін ең маңызды 
орталықтарына қан құйылады, өкпе (пневмония) мен плевра (плеврит) 
қабынады, жүрек пен өкпе қызметінің жеткіліксіздігі
байқалады. Грипп жас 
сәбилер, қарттар және жүрек- тамыр ауруларымен сырқаттар үшін өте қауіпті. 


Нуржігіт Алтынбеков 
456
П
АРАГРИПП
 
Парагрипп
(грекше: 
para
— маңында, қасында) — грипп тектес жедел 
ағымды инфекциялық ауру; парагриптік вирус қоздырады. Тынысалу жолдарын 
басымырақ зақымдап, интоксикация байқалады. Парагрипп байқалмайтын 
аймақ жоқ, ВРЖИ-лардың жалпы санының 20%-айы оның үлесі. Бұл ауру 
көбінесе гриптің эпидемиясына қосарланады. Онымен жас шамасы әртүрлі 
адамдар, әсіресе балалар жиі ауырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   560   561   562   563   564   565   566   567   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет