Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет565/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   832
Этиологиясы 
мен 
патогенезі

Парагриптің 
қоздырушылары 
— 
Раrаmухоvіrіdае
туыстастығына жататын, РНҚ-лы пневмотропты вирустардың 
I-IV типтері. Олардың диаметрі 150-300 нм, бұрыс сфера пішінді немесе ұзын 
спираль бітімді келеді. Вирустың капсидінде көпядролы жасушалар 
симпластысын құрауға түрткі болатын фактор бар. Парагриптік вирустардың 
зақымдағыш әсері гриптің вирусына қарағанда нашарлау. 
Парагриптің патогенезі гриптікіне ұқсас болғанмен, уытты әсері онша айқын 
бола қоймайды, ағымы жеңілдеу. Вирустың I және II типтері дамытқан 
парагриптің барысы гриптің жеңіл нысанына ұқсас, бірақ жедел ларингит жиі 
дамып, көмей су сіңіп өте ісінеді, жалған круп пен асфиксия жиірек байқалады. 
Парагриптік вирустың III типі тыныс жолдарының төменгі бөлімін басымырақ 
зақымдаса, вирустың IV типіне уытты әсер тән. Бұл вирустар мидың 
эпендимасы мен тамырлар өрімінің жасушаларында көбейе алатыны белгілі. 
Патологиялық анатомиясы
. Тынысалу мүшелерінде парагриптен дамитын 
өзгерістер грипте сипатталған өзгерістерге ұқсағанымен, ондай айқын бола 
қоймайды. Парагриптік вирустың әсерінен трахея мен бронхылардың эпителийі 
көбейеді, көпіршіктеніп, бүріскен (пикнозды) бір немесе бірнеше ядролы, 
полиморфты жасушалар пайда болады. Бұл осы ауруға тән белгі. Полиморфты 
жасушалар десте түзіп көбейеді. Өкпе зақымдалса, тап әлгіндей көпядролы 
жасушалар ұйымалы-десквамациялы экссудатқа да араласады, бірақ 
интерстицийде онша көп болмайды, қанды ошақтар да сирек ұшырасады. Кейде 
менингэнцефалит дамиды. 
Парагрипп басқа инфекция қосарланғанда ғана 
асқынады
. Көбіне 
бронхпневмония, ангина, синусит, отит, евстахеит байқалады. 
Парагрипп басқа үдерістермен асқынбаса да, науқас кейде жалған круптен 
тұншығып 
өледі
немесе оның өліміне вирустық пневмония мен өкпеде 
өрістеген қосымша инфекциялар себеп болады. Парагрипп жас сәбилер үшін 
өте қауіпті, өйткені жалпы инфекцияға айналуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет