Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет567/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   563   564   565   566   567   568   569   570   ...   832
Байланысты:
струков патан

жалпы
жайылса
, оған тән өзгерістер ішкі мүшелерден де 
байқалады: ішекте, бауырда, ұйқы безінде, бүйректе жасушалар шоғырланып, 
эпителийлік бүртіктер қалыптасады, орталық жүйке жүйесінің кейбір 
жерлерінде эпендима көбейеді. 
Асқыну зардаптары. 
Көбіне өкпеде қосымша инфекция дамиды. 
Ауыр ағымды РС-инфекциямен аурулардың 
өліміне
пневмония немесе 
қосымша инфекцияның өкпедегі зардаптары және басқа мүшелерге әсері себеп 
болады. 
А
ДЕНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ
 
Аденовирустық инфекция
— аденовирустар қоздыратын инфекциялық 
респирациялы жедел ауру. Ол, әдетте тынысалу жолдарын, конъюнктиваны, 
аңқа мен жұтқыншақтың лимфалық тіндерін, кейде ішек пен іш қуысындағы 
лимфалық түйіндерді зақымдайды. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Аденовирустар — ДНҚ-лы вирустар; 
жасушаның ядросында қосымшалар түзеді. Вириондардың диаметрі 70—90нм, 
құрамындағы ДНҚ қосжіпшелі. Капсидінде көмірсулар, липидтер мен 
ферменттер жоқ. Ол негізінен ауа-тамшы арқылы жұғады. Аденовирустардың 
жұғу көзі — науқас пен вирустасымалдаушылар. Вирус эпителийдің үстіне 
сіңіп, пиноцитоз арқылы жасушаға кіріп, вирустық ДНҚ жасушаның ядросына 
жетіп, көбейеді. Вирус цитопатиялы әсер етіп, оның ұсақ бөлікшелері ядролық 
қосымша затқа айналып, ақырында жасушаны ерітеді. Жасуша жойылғанда 
босаған вирустар организмді уландырады, бірақ олардың уытты әсері 
гриптегідей ауыр емес. Кейде вирус бүкіл организмге жайылады немесе басқа 
инфекция қосарланады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
458
Патологиялық анатомиясы
. Аденовирустық инфекцияның морфологиялық 
бейнесі оның ағымының ауыр-жеңілдігіне байланысты. Аурудың 
жеңіл 
нысанында
тынысалу жолдарының жоғарғы бөлімі (
жедел рино-ларинго-
трахео-бронхит
) және жұтқыншақ (
жедел фарингит
) катарлы қабынып, 
аймақтық лимфаденит пен жедел конъюнктивит байқалады. Тынысалу 
жолының жоғарғы бөлімдерінің шырышты қабықшасына су сіңіп, тамырларына
қан толып, ұсақ қанды дақтар пайда болып, лимфоциттер мен гистиоциттер 
шоғырланады, 
эпителий 
сыдырылады. 
Сыдырылған 
эпителийдің 
цитоплазмасында фуксинфилді қосымшалар, ал ұлғайған ядросында 
аденовирустар болады. Бұл жасушалар аденовирустық жасушалар деп аталады. 
Аденовирустық жасушалар аденовирустық инфекцияның маркеры, яғни осы 
ауруды анықтайтын таңба болып табылады. Аденовирустық пневмония 1 жасқа 
толмаған сәбилерде жиі байқалады (252-сурет). Әдетте, экссудатқа белок және 
біраз макрофагтар, лимфоциттер, нейтрофилдер мен альвеолалық эпителий 
араласып, аденовирустық жасушалар да болады. Кейде альвеолаларда гиалинді 
мембраналар қалыптасады. Альвеолааралық пердеде септалық жасушалар 
көбейіп, олардың арасынан да аденовирустық жасушалар ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   563   564   565   566   567   568   569   570   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет