Нуржігіт Алтынбеков
457
жасушалар мен синцитий түзеді. РС-инфекцияның патогенезі грипп пен
парагриптің патогенезіне ұқсайды. Үдеріс алдымен өкпені зақымдап, кейін
тыныс жолдарына жайылады, көбінесе жас сәбилер ауырады. Ересек балалар
мен үлкендерде дамыса, ол жоғарғы тыныс жолдарын ғана зақымдап, жеңіл
өтеді. Кейде РС-инфекция жалпы ауру ретінде дамиды, бұл нысаны бір-екі
айлық сәбилерге тән.
Патологиялық анатомиясы
. РС-инфекцияға
ларинго-трахео-бронхит,
бронхиолит
және
бронхпневмония
тән.
Трахеяның,
бронхылардың,
бронхиолалар мен альвеолалық жолдардың эпителийі көбейіп, құрамына
бірнеше эпителийлік жасуша кіретін бүртіктер мен жайпақ қатпаршалар түзеді.
Бұл — РС-инфекцияның морфологиялық ерекшелігі. Көбейген эпителий мен
экссудат бронх тармақтарының саңылауын бітеп, өкпеде жедел эмфиземалы
және ателектазды ошақтар қалыптастырады. Өкпенің интрестицийлік тінінде
жасушалар шоғырланып, альвеолалардың біразының қабырғалары қатты
зақымдалады. Бронхпневмония дамыса, экссудатта ірі жасушалы
симпластылар болады. Иммундық люминесценция тәсілімен зерттегенде
альвеолалардағы симпластылар мен бронхыларда қалыптасқан бүртіктерден
РС-антиген табылады. РС-инфекция жеңіл әсерлі болса, тыныс жолдарының
жоғарғы бөлімдері ғана катарлы қабынады.
РС-инфекция
Достарыңызбен бөлісу: