Ойық жаралы, яғни
ойық жаралы колит кезеңі 10-12-ші тәулікте
басталады. Ойық жаралар фибринді қабыршықтар мен өлексе сыдырылған
жерлерде, алдымен көтен ішек пен қима ішекте қалыптасады. Олардың
тереңдігі мен кескіні әртүрлі болады. Жаралы жерлерден кейде қан кетеді,
ішектің қабырғасы тесілуі де мүмкін.
Ойық жараның жазылу кезеңінде регенерация басым. Бұл кезеңнің мерзімі
3-4 апта. Шырышты қабықшадағы ақауларды грануляциялық тін жайлап, кейін
ол жетіледі. Кіші көлемді жаралар көбіне толық жазылады. Терең әрі ауқымды
ақауларды тыртық жайлап, ішектің саңылауы тарылады. Кейде дизентериялық
колит кезіндегі регенерация солғындау болып, жаралар толық жазылмай,
шырышты қабықшаларда жалған полиптер (псевдополиптер) түзіледі.
Дизентерияның бұл нысаны
созылмалы дизентерия деп аталады. Бірақ
ғалымдардың бірқатары созылмалы дизентерия деген ұғымды құптамайды, оны
дизентериядан кейін дамыған (
постдизентериялық )
колит деп есептейді.
Дегенмен, дизентерияның бұл нысанымен сырқаттардағы ойық жаралардың
жиегінен
алынған
себіндіден
дизентериялық
бактериялар
табылып,
дизентериялық антигенмен жасалған агглютинациялық реакцияны болымды
етеді.
Тоқ ішектің шырышты қабықшасында өрістейтін өзгерістер дизентерияның
осы сипатталған классикалық кезеңдеріне үнемі сәйкес келе бермейді. Кейде
ауру катарлы колит кезеңімен ғана, яғни
катарлы дизентериямен шектеледі
(абортивті дизентерия).
Балаларда шырышты қабықша катарлы қабынып қана
қоймай, ішектің лимфалық фолликулдары да күрт өзгереді. Құрамындағы
жасушалары көбейіп, солитарлық фолликулдар ұлғайып, шырышты қабықшаны
томпайтып
тұрады
(
фолликулды колит ).
Кейде
некроз
шарпып,
фолликулдардың орталығы іріңдеп, үстін ұсақ ойық жаралар жайлады
(
фолликулды-ойық жаралы колит ).
Аймақтық лимфа түйіндер қабынып (
лимфаденит ), тіні миелоидты
метаплазияға ұшырайды.