Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет591/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   832
Байланысты:
струков патан

 
 Патологиялық 
анатомиясы

Дизентерияның барысында жергілікті және 
жалпы өзгерістер дамиды. 
Жергілікті өзгерістер
. Негізінен тоқ 
ішектің көтен ішек пен қима ішектік (сигма) 
бөлімдерінің 
шырышты 
қабықшасы 
зақымдалады. Тоқ ішектің бөлімі бүйенге 
неғұрлым жақындау болса, соғұрлым зақым 
азырақ болады. Колит дамып, оның барысы 
катарлы колит, фибринді колит, ойық жаралы 
(ойық жаралы колит) және ойық жараның 
жазылу кезеңі деп, төрт кезеңге жіктеледі. 
Катарлы колит кезеңінде
(мерзімі 2-3 
тәулік) тоқ ішектің шырышты қабықшасы толыққанды болып, ісінеді, бетінде 
некрозды ошақтар мен қанды дақтар қалыптасады. Бұлшықетті қабаты 
тырысып жиырылып (спазм), ішектің саңылауы тарылады. Микроскоппен 
зерттегенде түлеген эпителийдің цитоплазмасынан шигеллалар табылады (262-
сурет), толыққанды, су сіңіп ісінеді шырышты қабықшадан қанды, некрозды 
ошақтарды, ал стромадан лейкоцит шоғырларын көреміз. 
262-сурет. Дизентерия. Катаралы колит 
(М.В. Войно-Ясенецкийден
)
: а —шырышты қабықшаның 
жамылғылық эпителийі сыдырылып, стромаға жасушалар шоғырланған; б —шырышты қабықшаның 
эпителийіндегі дизентерия қоздырушысы; в — арнаулы сарысумен өңделген қоздырушының 
люминесценциясы.
 
Фибринді, 
көбіне
дифтериттік колит кезеңі
(мерзімі 5-10 күн) шырышты 
қабықшаның катарлы қабынуынан басталады. Шырышты қабықшадағы 
қатпардың ұшы мен арасына қоңырлау жасыл түсті фибринді қабыршық 
түзіледі (263-сурет). Ішектің қабырғасы қалыңдап, саңылауы тарылады.
263-сурет. Дизентерия: 
дифтериттік (а) және ойық жаралы (б) колит



Нуржігіт Алтынбеков 
476
Гистологиялық тәсілді қолданғанда шырышты қабықшадағы тереңдігі әртүрлі 
некрозды ошақтар мен өлекселі аймақтарды фибриндік талшықтар жайлағаны 
байқалады. 
Некрозды ошақтардың төңірегіндегі шырышты қабықша мен оның астына су 
сіңіп, лейкоциттер шоғырланады, әр жері қанталайды. Ішектің жүйкелік 
құрылымдарын, яғни шырышты қабықшаның астындағы (Мейсснер өрмелері) 
және бұлшықеттердің арасындағы (Ауэрбах өрмелері) өрмелерді, дистрофия 
мен некроз шарпиды: жүйкелік жасушалар көпіршіктеніп, кариолиз дамиды; 
жүйкелік талшықтар ыдырап, леммоциттер көбейеді. 
Дифтериттік нысанда кейде некроз тым өршіп кетеді, ал анаэробтық 
инфекция қосылса, ішекте гангрена дамиды (
дизентериялық гангреналы колит



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   587   588   589   590   591   592   593   594   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет