Нуржігіт Алтынбеков
516
Қарапайымдар мен гельминттер дамытатын аурулар
Қарапайымдар
мен
гельминттер
дамытатын аурулар —
инвазиялық аурулар
деп аталады. Олар көп және алуан түрлі.
Қарапайымдар
дамытатын
аурулардың ішінде ең маңыздылары — малярия, амебиаз бен балантидиаз
болса,
гельминттер
дамытатын аурулардан — эхинококкоз, цистицеркоз,
описторхоз бен шистосомоз.
МАЛЯРИЯ
Малярия
(итальянша:
mala
aria
— жаман ауа; қазақша: безгек) — клиникалық
бейнесі қоздырушысының жетілу мезгілімен байланысты, жедел және
созылмалы ағымды қайталамалы инфекциялық ауру; қалтырау пароксизмдері
мен гипохромды анемия дамып, талақ пен бауыр ұлғаяды.
Этиологиясы мен патологиясы
. Бұл ауруды
Plasmodium
туыстастығына
жататын қарапайымдардың бірнеше нысаны қоздырады. А. Лаверан 1880 ж.
плазмодийді алғаш рет эритроциттерден тапқан. Плазмодий маса шаққан кезде
қанға түсіп, күрделі даму кезеңдерінен өтеді; эритроциттерге кіріп, жыныссыз
жолмен, яғни шизогония деп аталатын жолмен көбейіп, шизонтқа айналады.
Шизонттар өзінің цитоплазмасына қоңырлау пигмент — гемомеланин
жинайды. Гемолиз кезінде паразит пен гемомеланин эритроциттен бөлінеді.
Бөлінген пигментті макрофагтық жүйенің жасушалары сіңіріп, шизонт қайтадан
эритроцитке кіреді. Сондықтан бауырүстілік (гемолиздік) анемия дамып,
ретикула-эндотелийлік элементтерде гемомеланоз бен гемосидероз орын алып,
ақыры склерозбен аяқталады. Гемолиздік криз кезінде қанайналымы күрт
бұзылады: стаз дамып, диапедездік қанды ошақтар қалыптасады. Малярияға
үздіксіз антигенемия тән, сондықтан уытты әсерлі иммундық кешендер түзіледі.
Бұл кешендердің әсерінен микроциркуляциялық арна зақымдалады,
гломерулонефрит дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: