Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет649/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   645   646   647   648   649   650   651   652   ...   832
 
малярияның
патологиялық анатомиясы үшкүндік безгектегідей.
288-сурет. Малярия. 
Талақтың макрофагтарындағы гемомеланин түйіршіктері. 
Тропикалық малярияның
үшкүндіктен айырмашылығы шамалы, бірақ оның 
ерекшеліктері де жоқ емес. Ол ерекшеліктердің өзіндік себебі де бар: 
тропикалық малярияның толық жетілмеген шизонттары ішіне кірген 
эритроциттер қан арнасының шеткі бөліміне шоғырланып, паразитті стаз 
туындатады. Шизонттар шоғырланып, мерозоитқа айналып жатқан жерлерде 
фагоцитоз өрістейді. Нейтрофилдер мен макрофагтар паразитті эритроциттер 
мен жетілмеген шизонттарды, ішіндегі плазмодийлар бөлінген кезде бүлінген 
эритроциттерден түзілген әртүрлі заттар мен пигменттерді сіңіріп жояды 
(Войно-Ясенецкий М.В.,1950). Паразитті стаздан ми зақымдалып, кейде 
маляриялық кома
дамып, өмірге қауіп төнеді. Мидың қыртыстық қабаты мен 
басқа жерлерінің сұр заты бозғылт қоңырқай тартады. Мидың ақ затындағы қан 
тамырларының саңылауының ішінде паразит бар, агглютинацияланған
эритроциттер мен гиалинді тромбылар шоғырланып, айналасында қанды дақтар 
мен некрозды ошақтар пайда болады. Кома басталған сәттен 2 тәулік өткен соң 
некрозды ошақтар мен қан құйылған жерлердің арасындағы глия көбейіп, 
Дрюк
гранулемасы
деп аталатын, ерекше түйіншектер түзеді. 
Асқыну зардаптары
. Жедел малярия кейде гломерулонефритпен асқынса, 
оның созылмалы нысанымен аурулар қатты жүдейді немесе амилоидоз дамиды. 
Өлім-жітім, әдетте комамен асқынған тропикалық малярия ғана тән. 
АМЕБИАЗ 
Амебиаз, 
яғни 
амебалық
дизентерия
— созылмалы ағымды паразиттік ауру. 
Оның негізгі бейнесі — созылмалы қайталамалы ойық-жарлы колит. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Амебиазды тамыраяқтылар класына жататын 
қарапайым — 
Entamoeba
histolytica
қоздырады. Оны 1875 ж. Ф.А. Леш 
амебиазбен сырқаттардың нәжісінен тапқан. Бұл ауру көбіне ауа райы ыстық 
елдерде, ал КСРО-да— Орта Азия республикаларында жиі кездеседі. Амебаның 
цистасы алиментарлық жолмен жұғады. Цистаға асқорытатын сөл әсер ете 
алмайды. Қоздырушының қабықшасы бүйенде еріп, әдетте аурудың
морфологиялық бейнесі сол мүшеде айқын дамиды. 
Ол үшін амеба ішектің терең қабатына өтуі шарт, сонда ғана ішекте ұзақ 
жазылмайтын ойық жаралар пайда болады. Кейде амеба ішекке әсер етпей 
сақталса, ондай адам амебатасымалдаушыға айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   645   646   647   648   649   650   651   652   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет