Нуржігіт Алтынбеков
518
бүйенде көп түзіліп, айқын бейнелі болады (
ойық жаралы созылмалы колит
).
Бірқатар жағдайда олар тоқ ішектің өне бойына, тіпті мықын ішекке де
жайылады. Шырышты қабықшаның некрозды аймақтары томпайыңқырап,
лайсаңдау бозғылт немесе жасыл реңді келеді. Некроз тереңге жайылып,
шырышасты және бұлшықетті қабаттарға дейін жетеді. Жараның жиегі ойылып,
үстіңгі ернеуі түбіне қарай салбыраңқы тұрады. Некроз өршісе, жара ұлғая
түседі. Амеба өлексе мен тірі тіннің аралығынан табылады. Бір ерекшелігі —
ішектің қабырғасында жасушалы жауап нашар дамиды. Басқа инфекция
қосылса ғана лейкоциттер шоғырланып, іріңді қабыну өрістейді. Кейде
флегмоналы немесе гангреналы колит байқалады. Терең жараларды тыртық
жайлайды. Бұл ауру жиі қайталанады.
Аймақтық
лимфалық түйіндер
ұлғайыңқырағанымен, тінінде амебалар
болмайды; амебалар көбіне ішектің қабырғасындағы қан тамырларынан
ұшырасады.
Амебиаздың
асқыну зардаптары
2 топқа бөлінеді: ішектің және ішектен
басқа мүшелерде дамитын зардаптар.
Ішектік
зардаптардан ең қауіптілері:
жараның тесілуі; қан кету; жара тыртықтанып, ішекті тарылтып, төңірегі
қабынып, кейде ісіктің клиникалық бейнесі байқалады. Амебиаздың ішектен
басқа мүшелерде
дамитын зардаптарынан ең қауіптісі — бауыр абсцесі.
БАЛАНТИДИАЗ
Балантидиаз
— протозой қоздыратын инфекциялық ауру; оған ойық жаралы
созылмалы колит тән. Кейде аппендикс қана зақымдалады.
Достарыңызбен бөлісу: