Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет661/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   657   658   659   660   661   662   663   664   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
528
мезенхималық тіндердің гипоплазиясы қосарланса, мидың кемістігіне некроз, 
қан құйылу сияқты үдерістер тіркеседі. 
Үшінші заңдылық
– киматогенездің әр кезеңінің патогенезі мен ұрықтағы 
патологиялық үдерістердің барлығы да патогенді агенттің әсер еткен мезгіліне 
сәйкес болады. 
Мәселен, ұрыққа бластогенез кезеңіндегі әсер қандай болса да, ұрықтанған 
жұмыртқа жасуша дұрыс имплантацияланбайды және эмбриобласт пен 
трофобласт та дұрыс қалыптаспайды. Ал эмбриогенез кезеңінде ұрықтың 
мүшелері мен түрлі әсерден әртүрлі тума кемістіктер қалыптасады немесе 
эмбрионның өзі өледі. 
Ресей эмбриологтары ұрықтың пренаталдық өлімі көбіне оның құрсақтағы өмірінің 
белгілі бір мерзіміне сәйкес келетінін анықтағын. Сүтқоректілер мен адамның 
эмбрионы патогенді агенттердің әсеріне аса сезімтал болатын осындай кезеңдердің бірі 
– ұрықтанған жұмыртқа жатырдың шырышты қабықшасына имплантацияланатын 
кезең – құрсақта даму кезеңінің 14-ші күніне сәйкес келсе, екіншісі – плаценталану, 
яғни плацента қалыптасатын кез, құрсақта даму кезеңінің 3-6-ші апталарына сәйкес. 
Ұрық зақымдағыш әсерге аса сезімтал болатын осы екі кезең 
бірінші
және 
екінші
қатерлі
кезең
деп аталады. 
Кемістікке себеп болатын факторлар – тератогендік (грекше: 
teratos
– 
кемтарлық) факторлар деп аталады. Құрсақта даму кезеңінің бір мезгілінде 
ұрыққа әсер еткен әртүрлі тератогендік фактор кемістіктің бір-ақ түрін 
дамытатыны белгілі; мысалы, құрсақта даму кезеңінің 3-ші аптасында сәулелік 
энергия немесе хинин әсер етсе, ұрықтың жүйкелік түтігі дұрыс 
қалыптаспайды. 
Ал эмбриогенездің әртүрлі кезеңінде тератогендік агенттің бір-ақ түрі әсер 
еткенмен, кемістік әртүрлі болады. 
Эмбрионды қызамықтың вирусы зақымдаса, рубеолалық эмбриопатия дамып, көз, 
жүрек, ми, тіс бастамасының және құлақтың кемістігі қалыптасады (Грегг синдромы). 
Ана қызамықпен жүктіліктің І айының соңғы онкүндігінде де ІІ айының алғашқы 
онкүндігінде сырқаттанса, көздің кемістігі (катаракта, микрофтальмия, т.б.), ІІ айдың 
қай күнінде сырқаттанса да мидың кемістігі (микроцефалия), ал ІІ айдың үшінші 
онкүндігі мен ІІІ айдың алғашқы онкүндігінде сырқаттанса, ішкі құлақтың кемістігі 
дамиды. 
Әр мүшенің тератогенді агент әсер еткенде кемістік пайда болатын өзіне тән
мерзімі бар, ол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   657   658   659   660   661   662   663   664   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет