Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет663/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   659   660   661   662   663   664   665   666   ...   832
Байланысты:
струков патан

дизонтогенез
; ұрықтың мүшелерінде немесе дене мүшелерінде 
тума кемістіктер қалыптасады. 
Феталдық
кезең
басталғанша мүшелердің көбінің негізі қаланып болып, 
кейін нәрестенің тіндері одан әрі 
өсіп

толысады

Алғашқы феталдық кезеңде ми сыңарлары мен иммунгенездің орталық 
мүшесі – айыршық бездің органгенезі өрістей береді, сондықтан бұл кезеңде 
мида кемістік қалыптасып, айыршық без дұрыс жетілмей қалуы мүмкін. 
Нәрестенің түрлі әсерге жауабы эмбрионға қарағанда көп артық, сондықтан 
онда дизонтогенезбен қатар, кейде басқа да патологиялық үдерістер өрбиді. 
Нәрестеде альтерация мен толыспаған қабыну үдерісі («
Қабынуды
» қара), 
иммун-морфологиялық өзгерістер дамиды («
Иммун-патологиялық үдерістерді
» 
қара), қан және лимфаайналымы бұзылып, гиперплазия мен регенерациялық 
3
Фенокопия – экзогендік агенттердің әсерінен туындайтын кемістік; морфологиялық 
тұрғыдан ол генотиптік кемістік тектес. 


Нуржігіт Алтынбеков 
530
үдерістер байқалады. Сөйтіп, феталдық кезеңнің аурулары құрсақтағы кезеңде 
дамитын ауруларға ұқсас болады. Нәрестенің ауруларына – 
фетопатияларға
-
төмендегідей ерекшеліктер тән: 
1. Құрсақтағы нәрестеде қандай ауру дамыса да, онтогенез тіндік деңгейде 
бұзылады. Сол себепті, мүшелердің тіндік құрамы дұрыс қалыптаспайды 
немесе олар баяу жетіледі. Мәселен, ішектің 
megaduodenum

megacolon
қалыптасқан жерлерінде бұлшықеттік тін көп болып, жүйкелік құрылымдары
толық жетілмей қалады: бүйректің жетілуі тежеліп, онда ұрыққа тән шумақтар 
көбейеді (293-сурет), ж.с.с. 
293-сурет. Туғанына 7 күн болған ұл баланың бүйрегінің қыртыстық қабатындағы ұрықтық типтегі 
шумақтар. 
2. Инфекциялық фетопатия көбіне жалпы болып, нәрестенің бүкіл тіндері мен 
мүшелерін зақымдайды. Нәрестенің паренхималы мүшелерінде ошақты
альтерациялық қабыну басым болады немесе организмін гранулемалар жайлап 
кетеді (мысалы, тума сифилис, листериоздық гранулемалар). 
3. Әдетте, айқын бейнелі геморрагиялы синдром дамып, тері мен шырышты 
қабықшаларда және ішкі мүшелерде қанды дақтар пайда болады. 
4. Қан жасайтын экстрамедуллалық ошақтардың кері дамуы тежеліп, ол 
ошақтар мен қан жасауға факультативті (қосымша) қатынасатын мүшелердегі 
жасушалар тым көбейеді. Нәресте дұрыс жетіліп, сау туылса, әдетте бұл 
ошақтар кері дамып, жойылатыны белгілі. 
5. Гипертрофия мен регенерациялық үдерістердің барысында мезенхималық 
тіндер басымырақ қалыптасып, дәнекер тін тым көбейеді (мысалы, зәр 
шығаратын жолдарда 
megaureter
қалыптасып, бұлшықет талшықтары азаяды; 
ұйқы безінде – муковисцидоз, ал эндокардта эластикалық және фиброзды тін 
тым көбейіп, жүректе фиброэластаз дамиды. 
Нәресте ауруларының патогенезі мен жоғарыда аталған ерекшеліктер оның 
тіндері мен мүшелерінің құрылысы мен қызметінің толық жетілмеуімен тығыз 
сабақтас. Сондықтан осы ерекшеліктеріне сүйене отырып, феталдық кезеңнің 
ауруларын туғаннан кейінгі кезеңнің ауруларынан бөліп, фетопатияның ерекше 
тобына жатқызуға тура келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   659   660   661   662   663   664   665   666   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет