Нуржігіт Алтынбеков
529
Сонымен қатар, кейбір зақымдағыш агенттің әсері белгілі бір тіннің бастамасына тым
күшті немесе нашарлау болуы мүмкін екендігін де ескерген жөн, өйткені, кейде сол
патогенді агенттің әсеріне тән кемістік пайда болады.
Мәселен, 1957-1964 жылдарда Еуропа елдерінде «толидомид апаты» деп аталған
қасірет орын алды. Бұл елдерде толидомид науқасты тыныштандыратын (ұйықтататын)
дәрі ретінде қолданылған-ды. Кейін бұл препараттың аз мөлшерінің өзі адам
эмбрионына қауіпті, ал жануарларға әсер етпейтіні анықталды. Жүктіліктің ІІ айында
толидомид ішкен әйелдер қол-аяқсыз (амелия), қолы мен аяғы толық жетілмеген
(фокомелия) нәрестелер туған. Олардың 10%-ының қолы, 10%-ының аяғы, 20%-ының
қол мен аяғы кем, ал тағы 20%-ының қолы мен аяғымен қоса, есту және көру мүшелері
кем болған (1961 мен 1962 жылдардың деректері). 1964 жылдың деректері бойынша,
толидомид эмбриопатиясына ұшырағандардың 45%-ының ішкі мүшелерінде кемістік
қалыптасқан. Бұл деректер толидомид қол мен аяқ өнетін бастамаға ерекше әсер
ететінін көрсетеді (тропизм).
Эмбрионда тек морфогенез бұзылып қана қоймай, өлі тіні ыдырап, басқа
тіндері су сіңіп ісініп, қанды ошақтар пайда болып, эмбриогенездің соңғы
кезеңінде шала регенерация орын алып, тыртықтар дамиды. Морфогенез
қалыпты дамыса да, тіндердің бастамасын некроз шалатынын ескерген жөн;
мысалы, ондай некроз және бастамалар біріккенде, қуыс қалыптасқанда,
мембраналар сөгілгенде (жұтқыншақтың, клоаканың), т.б. жағдайларда
байқалады. Бірақ жасушалардың физиологиялық некрозының көлемі мен
сипаты патологиялық некроздан басқаша, әдетте ол тыртықтанбайды, және бір
ерекшелігі, – некроздың бұл түрі мүшелердің қалыптасу барысын бұзбайды.
Үлкен көлемді болып, кейін тыртықтанған некроз эмбрионның тіндеріне
экзогендік агент әсер еткенде дамитын эмбриопатияларға тән сияқты. Ал
генотиптік кемістіктер қалыптасқанда мүшелердің бастамалары онша
зақымдалмайды, тек қана олардың толысуы тежеледі.
Қалыптасқан кемістіктердің көбінің морфологиясында өзіндік ерекшелік жоқ.
Сол себепті, генотиптік кемістікті сыртқы пішініне сүйене отырып,
фенокопиядан
3
ажырату мүмкін емес. Эмбриондық кезеңдегі патологияның
басты бейнесі –
Достарыңызбен бөлісу: