Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Жүректің қарыншааралық перделері ақаулы



Pdf көрінісі
бет673/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   ...   832
Байланысты:
струков патан

295-сурет. Жүректің қарыншааралық перделері ақаулы 
(А.В. Цинзерлингтен)

Жүрекшеаралық перденің ақауы
дербес сипатта сирек байқалады. Бұл ақау 
жүрекшеаралық алғашқы перде қалыптасатын кезде – эмбриогенездің 5-ші 
аптасында немесе кейінірек, – екіншілік перде мен сопақша тесік қалыптасатын 
мезгілде пайда болады. 
Алғашқы перденің ақауы
– қарыншалардағы 
қақпақшалардың тура үстін ала жайғасқан тесік болса, 
екіншілік перденің ақауы
– жабылмай қалған сопақша, әрі үлкен тесік. Ақаудың екі түрінде де қан солдан 
оңға қарай ағып, гипоксия мен цианоз байқалмайды (ақ кемістік). Жүректің оң 
жақ бөліміне қан толып кетсе, оң жақ қарынша ұлғаяды және өкпе 
артериясының негізгі сабағы мен оның тармақтары кеңиді. Қарыншааралық 
немесе жүрекшеаралық перде мүлде қалыптаспаған ауыр ағымды ақау – 
үшкамералы жүрек деп аталады. Үшкамералы жүректің қызметі компенсациялы 
болған кезде қан ағысының негізгі бөлімінің бағыты өзгермейді, сондықтан 
артериялық қан веналық қанмен араласпайды; гипоксия тек декомпенсациялы 
кезде ғана үдей бастайды. 
Артериялық баған дұрыс бөлінбеген тума кемістіктер
. Ортақ артериялық 
баған дұрыс бөлінбеген кемістік – сирек байқалатын кемістік; артериялардың 
сабағы мүлдем бөлінбей қалады. Ортақ артериялық баған екі қарыншадан 


Нуржігіт Алтынбеков 
538
бірдей басталып, оның сағасында 4 немесе екі-үш айшықты қақпақша болады; 
әдетте қарыншааралық перденің ақауымен бірге дамиды. Өкпе артерияларының 
ортақ сабағы қақпақшалардың маңынан, бас пен мойынның ірі қан тамырлары 
тараған жерден төменірек басталады. Кейде өкпенің артериялары мүлдем 
қалыптаспайды, өкпе қанды кеңіген бронхылық артериялардан алады. 
Кемістіктің бұл түрінде айқын бейнелі гипоксия мен цианоз дамып (көк 
кемістік), бала өмір сүрмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет