Нуржігіт Алтынбеков
539
Фалло төрттігіне
төрт ақау: қарыншааралық перденің ақауы, өкпе
артериясының стенозы, қолқаның декстрапозициясы (қолқа
сағасының оңға
ығысуы) және гипертрофиялы оң жақ қарынша кіреді.
Фалло бестігінің
құрамына аталған төртеуіне 5-ші ақау – жүрекшеаралық
перденің ақауы қосылады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетіні – Фалло үштігі;
ол жүректің тума кемістіктерінің 40–50%-ын қамтиды.
Фалло кемістігінің
барлығында қан ағысы солдан оңға бағытталған,
кіші қанайналымында қан
ағысы кеміп, гипоксия мен цианоз байқалады(көк кемістік). Сирек байқалатын
құрамдас тума кемістіктерге мыналар жатады: сол жақ қарынша-
жүрекшеаралық тесіктің стенозымен бірге дамыған қарыншаарлық перденің
ақауы
(Лютамбаше
ауруы);
қарыншааралық
ақау
мен
қолқаның
декстрапозициясы (Эйзенменгер ауруы); сол
жақ тәждік артерияның өкпе
артериясының сабағынан басталуы (Бланд–Уайт–Гарленд синдромы); өкпе қан
тамырларының (ұсақ артериялары, веналары мен венулаларының)
бұлшықетті
қабаты қалыңдағандықтан дамитын өкпенің біріншілік гипертензиясы (Аэрз
ауруы), т.б.
А
СҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТУМА КЕМІСТІКТЕРІ
Асқорыту мүшелерінің тума кемістіктері
перинаталдық кезеңде өлген
нәрестелер мәйітінің 3–4%-ында ұшырасса, барлық тума кемістіктердің 21%-ы
оның үлесі. Асқорыту жолы көбіне бітеліп (атрезия) немесе тарылады (стеноз).
Достарыңызбен бөлісу: