Нуржігіт Алтынбеков
542
стеноз орын алады. Екі бүйрегі де гипоплазиялы
немесе дисплазиялы балалар
өмір сүре алмайды.
Ірі кисталы бүйрек
(ересектер бүйрегінің поликистозы) – доминантты
тұқымқуалайтын кемістік. Қыртыстық
қабатында қуыстар пайда болып, ішіне
мөлдір сұйықтық жиналып, екі бүйрек те біраз ұлғаяды. Қуыстардың арасында
бүйректің қалыпты тіні қалады (297-сурет). Ондай
қуыстар бауыр мен ұйқы
безінен де ұшырасады. Ауру метанефрогендік тіннің бастамасы мен урерталық
түтік өзара жалғаспай қалғанда дамып, ретенциялық кисталар сол патогенездік
негізде қалыптасатын сияқты.
297-сурет. Поликистозды бүйрек (макрокистоз).
Ұсақ кисталы бүйрек
,
яғни
поликистоздың «инфантильдік» типі. Бүйректің
қыртыстық және милық қабатында бір-біріне тығыз жабысқан ұсақ кисталар
қалыптасып, екі бүйрек те едәуір ұлғаяды. Бүйректің кесіндісі ірі кеуекті сүлгі
тәрізді болады. Микроскоппен зерттегенде бүйрек түгелдей
ұсақ қуыстардан
түзіліп, олардың іші текшепішінді эпителиймен астарланғаны байқалады. Бұл
қуыстар бауырда да қалыптасып, өт өзектері де көбейеді. Бала өмір сүрмейді.
Достарыңызбен бөлісу: